Қазақстан • 16 Ақпан, 2018

Басым бағыттар пысықталды

288 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкін­діктері» атты Жолдауын насихаттау жөніндегі Ішкі істер министрі Қ.Қасымов бастаған республикалық ақпараттық топ Қызылорда облысында өз жұмысын бастады.  

 

Басым бағыттар пысықталды

Қалмұханбет Қасымов бірін­ші кезекте Елбасы Жолдауы­ның негізгі міндеттері талқыланған облыс әкімі Қырымбек Көшер­баев­­тың халыққа есеп беру кез­де­суіне қатысты.

Түсіндіру жұмыстары шеңбе­рінде өткізілген облыс активімен кездесу барысында министр бас­ты құжатта көрсетілген негізгі басым бағыттарға сипаттама бе­­ріп, алға қойған мақсаттарды іске асыру бойынша ел Үкіметі қабыл­­дап жатқан шаралар тура­лы әңгімеледі. Кездесуде заманауи құқықтық және қауіпсіз қоғам құру мәселелеріне баса назар ауда­рылды.

Бұдан соң Қ.Қасымов азамат­тарға жеке қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарының нақты мәселе­лерімен танысты, сонымен бірге азаматтарды алаңдатқан мәселе­лерді жедел шешу жөнінде тапсырма берді.

Сапар барысында министр ішкі істер, төтенше жағдайлар және қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің жеке құра­мы­мен кездесті. Бұл кездесуде Қ.Қасымов Жолдаудан туындайтын мін­деттерді іске асыру үшін ішкі істер органдары қабыл­дайтын негізгі шараларға нақтырақ тоқталып, басым бағыт­тарды пысықтады. 

«Қазіргі заман талаптарына сай болу үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ішкі істер органдары қызметін жаңғыртуға және технологиялық дамуына жаңа серпін беруі тиіс», деп атап өтті Ішкі істер министрі.

Келесі кезекте Қ. Қасымов жергілікті полиция қызметінің, кезекші бөлімнің және қажетті құралдармен қамтамасыз етіл­ген көшпелі полиция бекетінің жұмысымен танысты. Министр ғимараты толық қайта құрастыру­дан өткен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде болды. Мұнда бұрынғы жапсырмалап салын­ған үй-жайдың орнына халықаралық стандарттарға сәйкес сотталғандарды камералар бойынша ұстауға арналған жатақханалар тұрғызылған. Со­ны­мен бірге министр соттал­ғандардың кәсіптік білім алуы және өңірдің бизнес құрылым­дарын тарта отырып, қосымша жұмыс орындарын құру мәселе­лерін талқылады. 

Министр назарына ІІД оқу-жаттығу орталығының, Жала­ғаш АІІБ және Арал ауда­нын­дағы Сексеуіл полиция бөлі­мі құры­лыс­тарының жобалары ұсынылды. 

Сонымен қатар Қ. Қасымов өткен жылы республика бойынша ұйымдастырылған слеттің жеңімпаздары болған жол қозға­лысының жас инспекторларымен кездесіп, оларға жол қауіпсіздігі ережелерін жетік игер­гендері үшін алғысын білдірді. 

«Егемен-ақпарат»