Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2018

Олимпиада-2018: Денис Тен жарыс жолынан шығып қалды

111 реткөрсетілді

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада өнер көрсеткен Денис Тен жарыс жолынан шығып қалды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, ол бүгін қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, 70,12 ұпай жинаған болатын. Өкінішке қарай, мұз айдынға төртінші болып шыққан отандасымыз үздік 24 спортшының қатарына іліне алмай, 27 орынды місе тұтты. Енді, еркін бағдарламада Тен жарыс айдынына шықпайды.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша бірінші орынды жапониялық Юдзуру Ханю (111.68) жеңіп алса, екінші орынды испаниялық Хавьер Фернандес (107.58) иеленді. Ал үздік үштікке тағы бір жапониялық спортшы Сёма Уно (104.17) кірді.

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Балқаш қол бұлғайды

Туризм • Бүгін, 10:55

Әділдіктің бағдаршамы

Қоғам • Бүгін, 10:26

Бұл – халқымыз үшін тарихи күн

Президент • Бүгін, 10:19

Зығыр өндіруден бірінші орында

Экономика • Бүгін, 09:49

Ұқсас жаңалықтар