Таяуда Қазақстан Жазушылар одағының әдебиетшілер үйінде өлең көшінде өзіндік қолтаңбасы бар белгілі ақын Биғайша Медеуованың ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ақ боз атты арулар» атты жыр кеші болып өтті.
Аталған жиынды кіріспе сөз сөйлеп ашып берген Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Ғалым Жайлыбай Биғайша Медеуованың шығармашылығын көптен білетіндігін және оның өлеңдері мен поэмаларының шынайылық шымырлығымен әрі тәрбиелік тағылымымен тартып тұратындығын жырсүйер қауымның алдында жылы сезіммен баядады.
Шындығында да, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының аяғында өлең өлкесіне келген Биғайшаның өрлеу мен өсу белестерінде екенін оның оқырмандары орынды мақтаныш тұтады. Ол ақын болуымен қатар ұстаздықтан тәжірибесі мол тарихшы. Райымбек, Талғар, Іле аудандарында педагогтік қызмет атқарды. Еңбегі де жеміссіз емес. «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Ыбырай Алтынсарин» атындағы медальдің иегері.
Шығармашылық бастауында алдымен айтыс өнеріне үлес қосып, содан кейін елеуге тұрарлық үш жинақ авторы атанған Биғайшаның бұл жыр кешінің маңыздылығы мен мазмұндылығы жиналғандарға қошеметпен қол соқтырып отырды. Оның Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған тың туындыларын музыкалық композициямен айшықтап, шалқар шабытпен оқуы тыңдармандарына айрықша әсер қалдырды. Сол сияқты ақынның «ҚАЗақпарат» баспасынан жақында ғана жарыққа шыққан «Ақ боз атты арулар» атты жыр кітабының тұсаукесер рәсімі де назардан тыс қалған жоқ. Биғайшаға Жазушылар одағы тарапынан көрсетілген сый-құрметке көрермен көпшілік асқан ризашылықтарын білдірді.
Жиналғандар ақынның «Тәуелсіздік толғауы», «Айша бибі, саған келе жатырмын», «Үлкен Түркістан», тағы басқа поэмалары мен көптеген өлеңдерін оқыған Б.Медеуоваға сәттілік тіледі. Мұнда Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері мен Алматы қаласындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектеп шәкірттері ақын кешінің ойдағыдай өтуіне бар қабілет-қарымдарын жұмсады. Сондай-ақ, осы жыр кешінде сөз алған Талғар ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Мұхтар Әлімов, ақын Айтақын Әбдіқал сияқты ағалар оған жыр жолында бұдан да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектестіктерін білдірді.
Қанат ТӘКЕБАЕВ.
Алматы.

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45
Эбола безгегінен қаза тапқан адам саны 149-ға жетті
Әлем • Бүгін, 12:21
Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39
Денсаулық • Бүгін, 10:06
Семейдегі аспалы көпірден құлаған ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Бүгін, 08:46
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:35
Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, найзағай және қатты ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 08:23
Шотландия әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Спорт • Бүгін, 08:01
Марокко мен Бразилия жеңімпазды анықтай алмады
Спорт • Бүгін, 05:09
Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті
Спорт • Бүгін, 02:05