24 Қараша, 2011

Туған жерінен алыстамаған режиссер

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында облыс орталығындағы мемлекеттік педагогикалық институтында  кинорежиссер, Ресей халық әртісі Владимир Хотиненконың   шығар­ма­шылық кездесуі өтті. Хотиненко пав­лодарлық. Келіп-кетіп жүргеніне қарағанда туған жерінен алыстамаған сияқты. Мәскеулік режиссер студенттерге  «Достоевский. Құштарлыққа толы өмір» кинолентасы туралы әңгімелеп, шығар­машылық жоспарларымен бөлісті. Тарихи  фильмдер қалай түсіріледі, орыс кинемато­графия­сы­ның мәселесі неде, болашақта кино­ин­дус­трияны не күтіп тұрғаны жайлы айтып берді. Бұдан бұрын студенттер режиссердің «72 метр» фильмінің пре­мье­расын көрген еді. Режиссер енді Дос­тоев­скийдің  «Бесы» романы бойынша түсірілген кино­фильмін студенттермен бірге келіп көретін болды. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.