Қазақстан • 18 Ақпан, 2018

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 ақпанда Қазақстанның аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

 

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжауынша, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі 15-20 м/с-ге жету ықтимал.

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.