Қаржы • 19 Ақпан, 2018

Экономикалық өсім – ел несібесі

87 реткөрсетілді

Ө­ткен жылы дүние жүзін­­дегі экономикасы дам­ы­ған мемлекеттердің, сондай-ақ Қазақстанмен қоң­сы­лас қонған бірқатар ел­дер­дің экономикасында оң өзгерістер орын алды. Елі­­м­іздің 2017 жылғы әлеу­­­­меттік-экономикалық дамуы­на, республикалық бюд­жеттің ат­қарылуының ал­дын-ала қоры­тын­­дысы­на көз жүгіртсек, осы оң өз­­г­е­ріс­терден Қазақстан да тыс қалмағанын байқауға болады.

Былтыр еліміздегі ішкі жалпы өнімнің көлемі алдың­ғы жылмен салыстырғанда 4 пайыз­ға өсті. Инвестициялық капитал да айтарлықтай ұлғайып, 5,5 пайыз­дық өсім тіркелді. Экономикадағы өсім­ге «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дар­лама­сы­ның және Мемлекеттік ин­дус­триялық-инновациялық даму бағ­дарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың арқасында қол жеткізілді деуге болады.

Ел Үкіметінің хабарлауынша, өнер­кәсіп саласы, көлік, байланыс, сауда, ауыл шаруашы­лығы және құрылыс салалары қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. Әсіресе өнеркәсіптік өндіріс көлемі 7,1 пайызға өскен. Кен өндіру өнеркәсібі мен кен орындарын игеруде 9,3 пайыздық өсім тіркелсе, мұнай өн­діру 10,5 пайызға, табиғи газ өндіру 10,1 пайызға, темір рудасын шығару 6,9 пайызға, көмір мен лигнит өндіру 6 пайызға артқан. Яғни табиғи газ, металл рудасы, көмір мен лигнит өндірудің қарқын алғаны, сондай-ақ мұнай өнім­дері мен металлургия өнеркәсібі өнімдерін шығарудың жолға қойылғаны ішкі жалпы өнімнің ұлғаюына айтарлықтай ықпал етті деуге болады. Мәселен, 4 па­йыздық өсімнің жартысы­нан астамы шикізат өндірісі мен өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тие­тініні осыны аңғартады.

Макроэкономикалық зерттеулер орталығы дирек­торы­ның орынбасары Қуаныш Бейсенғазиннің айтуынша, шикі­заттың дүниежүзілік бағасы­ның біршама көтерілгені, оның ішінде кө­мірсутегінің бағамы жыл соңына қа­рай 60 доллардан асып түскені ішкі жалпы өнімнің өсіміне ерекше ықпал етті. 2017 жылы Қазақстанда мұнай өнер­­кәс­ібі біршама дамыды деуге толық негіз бар.

Өңдеуші саладағы 5,1 пайыз­дық өсімге фармацевтика, тоқыма бұйымдар, қағаз және қағаз өнімдері, азық-түлік өнімдерінің көптеп шығарыла бастағаны серпін бергенін атап өту керек. Мәселен, бұл көрсеткіш фармацевтика саласында 41,8 пайызға, тоқыма бұйымдар шығаруда 11,2 пайызға, қағаз бен қағаз өнімдерін шығару ісінде 5,6 пайызға, мұ­най өнімдерін өндіруде 5,1 па­йызға, азық-түлік және сусын өнді­рістерінде 4,1 және 4 пайызға тең. Жиһаз шығару ісіндегі өсім кө­лемі 9,4 пайызды, металлургия өнеркәсібінде 5,9 пайыз, машина жасау саласында 5,6 пайызды құрағанын айта кетейік. Бүгінгі таңда өнеркәсіп өнімдерін өндіру ісінде Атырау облысы алдыңғы қатардан көрініп отыр.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов келтірген деректерге көз жіберсек, эконо­микамыздың драйвері болуға тиіс ауыл шаруашылығы саласында да біршама жақсы нәтижелер бар.

– Ауыл шаруашылығындағы өсім 3,7 пайызды құрады. Өсімдік шаруа­шылығындағы шығарылым 2016 жылғы деңгейде сақталды. Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 3,9 пайызға артты,– дейді ми­нистр. Еліміздің 14 облы­сын­­да ауыл шаруашылығы ілгері­леп ке­ле­­ді деуге болады. Осы са­ла­ның даму қар­қы­ны бойынша Маң­ғыстау, Павлодар, Жам­был, Ақ­төбе облыстары көш бастап тұр.

Үкіметте келтірілген де­рек­­тер бойынша, 2017 жы­лы инвес­тициялық капитал ай­тарлықтай ұлғайғаны байқалады. Оның өзі экономикалық белсенді­лік­ті қамтамасыз ететін басты факторлардың бірі екенін ескерсек, бұл өте маңызды. Со­нымен, өт­кен жылы негізгі капиталға құйыл­­­­ған инвестициялардың жал­пы көле­мі 65,4 пайызға өсіпті.

Шымкент мұ­най өңдеу за­уы­тындағы жаңғырту және реконс­трукциялау жұмыстары, «Теңіз» кен орнында үшінші буын­ғы зауыт құрылысы, Атырау мұ­най өңдеу зауы­­тын­дағы шикі­затты терең­детіп өң­деу ке­шені көр­сеткіштің жоғары­лауына негіз болған.

Өткен жылы құрылыс секторында да оң өзгерістер тіркеліп, 1,9 пайыз өсімге қол жеткіздік. Бір айта кетерлігі, құрылыс сала­сы еліміздің барлық облысында дерлік қарқын алып келеді. Әсі­ресе, Қостанай, Ақмола, Қызыл­орда, Ақтөбе облыстары үлкен жетістіктерге жеткен. Ал тұрғын үйлерді тапсыру қарқыны бойынша Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар сынды облыстар алдыңғы орыннан көрінді.

Қазақстанның сыртқы сау­да­сының көлемі өткен жылдың 9 айында 69,5 миллиард АҚШ долларына жуықтапты. Бұл алдың­ғы жылдың сәйкес кезеңі­мен салыстырғанда 25,1 пайызға ар­тық. Яғни, 2017 жылы экспорт 31 пайызға, импорт 15 пайыз­ға өскен. Жалпы, сыртқы сауда­дағы әріптестеріміздің қатары көбейе түскенін және олармен арадағы сауда қатынастары жыл санап қанат жайып келе жатқанын атап өткен жөн. Бү­гінгі таңда Ресей, Қытай, Ита­лия, Нидерланд, Франция, Швей­цария, Өзбекстан, Гер­мания, Түр­кия және Испания ел­дері сырт­қы саудадағы басты әріп­тес­тері­міздің қатарына жатады. Ресей, Қытай елдерімен ара­дағы эко­номикалық байла­ныс­тардың әуел бастан жолға қойыл­ғаны белгілі. Жоғарыда тілге тиек етілген он елдің ішін­де Өзбекстанмен арадағы бай­ланыс өткен жылдан бас­тап бұрынғыдан да беки түсті. Көр­шілес елмен арадағы сау­да-саттықта экспорттың үлесі 30 пайызға, импорт көлемі 27 па­йызға өскені осыны аңғартады.

Өткен жылы өсім байқалған салаларды айтқанда көлік сала­сына тоқтала кеткен жөн. Көлік қызметтерінің көлемі 4,8 пайызға, жүк тасымалдау қар­қыны 5,2 пайызға, жолаушы­лар тасымалдаудағы өсім 1,7 пайызға артты. Соңғы жылдары еліміздің транзиттік әлеуеті де ай­тарлықтай күшейіп келеді. Мәсе­лен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік көлік дәлізі­нің тиімділігі артып, тасымал көлемі айтарлықтай ұлғайған. Ақ­тау теңіз порты, «Қорғас» құрлық порты арқылы өтетін контейнерлік тасымалдың ауқы­мы да арта түсуде.

Экономиканың алға басуы әлеуметтік саладағы ахуалға оң әсе­рін тигізетіні түсінікті. Олай болса, 4 пайыздық өсім көрсет­кіші халықтың тұрмысын жақ­сартуға да ықпал етуге тиіс.

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар