24 Қараша, 2011

Хроника

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының Жар­лық­тарымен: Икрам Адырбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қытай Халық Рес­публикасындағы Төтенше және өкі­летті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы, Корея Халық-Демократиялық Республика­сын­дағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарудан бо­сатылды; Абай Бөлекбайұлы Тасболатов Қазақстан Республикасы Рес­пуб­ли­ка­лық ұланының қолбасшысы қыз­метінен босатылды. *  *  * Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Абдоллаұлы Жарасов Қазақ­стан Республикасы Ұлттық қауіп­сіз­дік комитеті төрағасының орын­ба­са­ры қызметінен босатылды.