Тоғыз жолдың торабындағы буырқанған Қаратал өзеніндегі жарты ғасыр бұрын салынған көпірдің тіректері мүжіліп, апатты жағдайда екендігі анықталып, жөндеу жұмысы басталған еді. Енді жаңарған көпір ел игілігіне беріліп, облыс әкімі Аңсар Мұсаханов талдықорғандықтарды қуанышымен құттықтады.
Көпір құрылысына бюджеттен 415,9 млн. теңге бөлінсе, биылғы маусым айында «Талдықорған Строй Проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеген соң жөндеу жұмыстары басталған. Бар жұмысты «Асыл Жас» серіктестігі бес айда жаңа технологияларды қолдану арқылы сапалы атқарды.
Жаңа көпірдің ұзындығы – 152, ені 3,5 метрге кеңейтіліп, көлік өткізу, жүк көтеру мүмкіндігі едәуір артқан. Осылайша автокөлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі толық қамтылғанына тұрғындар дән риза.
Көлік және жаяу жүргінші жүретін бөліктері де кеңейтіліп, көпір құрылымы берік және жарықтандыру құрылғыларымен қамтылған.
Көп жұмыс жасалды. Жаңа көпірдің айырмашылығы ескісінің ені 7 метр болса, қазіргісі 12 метр. Көпірдің қазықтарын ашып, бетондап, кеңейтіп, қайта көтердік. Ригель темірді қайта құйдық. Бұл көктемгі тасқын кезінде де еш қиындық туғызбайды, деді «Асыл Жас» серіктестігінің директоры Қазыбек Жұмагелдиев.
Жиналғандар тақтайдай түзу жолмен «бәрекелді!» деп жақсы тілек айтып, жүріп өтті. Қарсыдан ақжол тілеген періште пейілдегі бүлдіршіндер жүгіріп шықты. Әжелер дәстүрге сай шашу шашып, жеті нанын үлестірді.
Жаңаның аты қашанда жаңа. Автокөліктер әрі-бері жүйткіп өтіп жатты.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.

Жеңіс жалауын желбіреткен жасақ
Айбын • Бүгін, 08:50
Айбын • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:35
Спорт • Бүгін, 08:30
Жәдігер • Бүгін, 08:25
Өнер • Бүгін, 08:20
Қоғам • Бүгін, 08:15
Көлік өтетін бекеттердің тиімділігі артады
Экономика • Бүгін, 08:10
Саясат • Бүгін, 08:05
Саясат • Бүгін, 08:00
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 03:06
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше