Қазақстан • 20 Ақпан, 2018

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әліпбиге қатысты пікір білдірді

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиінің өзгертілген нұсқасы туралы Елбасы Жарлығына қатысты Twitter парақшасында пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әліпбиге қатысты пікір білдірді

«2018 жылғы 19 ақпанда Елбасы қазақ тілінің жаңа әліпбиі туралы Жарлығына қол қойды. Бұл тарихи маңызға ие оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!» деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына өзгеріс енгізді.