Қазақ халқы мен оның құрамындағы ру-тайпалардың тарихы мен мәдениетінің бастаулары халық әдебиетінен тыс түркі халықтарының арасында мирас болып қалған жазба ескерткіштер, сондай-ақ Орталық Азияны, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінде дүниеге келген көркем, діни, философиялық, ғұмырнамалық, эпистолярлық, тарихи-жылнамалық, этнографиялық, деректік еңбектер арқылы жетті. Солардың бірі – ХVІІІ ғасырда өмір сүрген тарихшы Қожамқұли-бек Баһадүр Балхи Имамқұли құшбегі ұлының «Тарих-и Қыпшақи» атты кітабы.

Оның өмірі мен қызметіне қатысты нақты деректер тым мардымсыз. Дегенмен Иранның Хорезм университетінің оқытушысы Исмаил Чангизи Ардакани мәліметтерінде Қожамқұли-бектің түптегі Қыпшақ тайпасынан шыққан ата-бабалары Герат аймағының Түлек қамалына келіп қоныстанған екен. Кейін Орталық Азиядағы Ұлы Моғол империясы, Мәуреннахр мен Иран сефидтерінің арасындағы соғыс-жанжалдарға байланысты Бабыр әулетінің қызметіне келеді. Нәдір-Мұхаммед хан 1641 жылы қалың әскермен Балхты жаулауға келгенде Қыпшақ хан (Сұбханқұли хан – тарихшының атасы) шахзада Арангзибке қосылып бекіністі қорғауға қатысады. Ұлы Моғолдардың билеушісі Шаһ Жаһан уақытша қиындықтарға байланысты 1647 жылғы келісім бойынша Балхты Нәдір-Мұхаммед ханға тапсырды. Қанһар қаласы да беріліп, оның әмірі Дәулет хан Үндістанға жан сауғалайды. Сөйтіп Сұбханқұли хан Иран сефидтерінің қолына түседі. Оны отбасымен тұтқын ретінде Мешхед қаласына алып келгендіктен, 1648 жылға дейін сол қалада тұрып қалады. Қожамқұли-бектің әкесі сол қалада туып, Имам Ризаның (Пайғамбар немерелерінің бірі) құрметіне орай оның есімін «Имам Құли» деп атайды. Кейін ол (әкесі) туған жеріне қайтып оралып, Балх аумағының Дерагез уалаятының билеушісі болып, құшбегі мансабын иеленеді.
ХVІІ ғасырдың аяғында Балхтың айналасындағы көрші елдерде жат пиғылдағы күштер топтасып, аймақ соғыс жағдайында болады. Атап айтқанда, 1693 жылы Үргенш әмірі Арал хан мен Балх әмірі Махмұт Аталық арасында сұрапыл соғыс Бұхарадан 42 шақырым жерде өтіп, алдыңғы хан қаза табады. Бұл шайқас Балх, Бадахшан, Құндыз бен басқа да жақын аймақтардағы ахуалды ушықтырып жібереді. Балхқа қарасты Дерагез уәлаятын билейтін Имамқұли құшбегі аумақ әмірі Махмұт би аталықпен келісімге келе алмай туған жер, атамекеннен кетуге мәжбүр болады. Ол отбасымен 1695 жылдың аяғы мен 1696 жылдың басында Бехимаре өзенінің бойында Хеидарабатты бағындырып, жеңіспен келе жатқан шахзада Арангзибтің қосындарына келіп қосылады. Оның ұсынысымен Шаһ Жаһан патша әкелі-балалы Қожамқұли мен Иманқұлиды әскери мансаптарға бекітіп, «Қыпшақ хан» деген жанама атау береді. Иманқұли құшбегі Моғол патшасының сарай уәзірі Әмір ханның қызметінде болып, 1116 жылы дүние салады.
Мұхаммад Азам Шаһ 1707 жылы билікке келгеннен соң Қыпшақ ханның жағдайы жақсара түсіп, әскери мансабы өсіп, ұлы сардарлардың қатарындағы Мұхаммад Амин сынды әскербасыларымен жақын араласады. Баһадүр шах І қайтыс болған 1707 жылдан кейін оның ұлдары Жаһандар Шах пен Әзім-үш-Шах тақ таласына түсіп, екі жікке бөлінгенде Қыпшақ хан Дұғлат Кашқари ханмен бірге Жаһан Шаһ жағына қосылды.
Бақталастықтың аяғы соғысқа әкеліп соғып, нәтижесінде Әзім-үш-Шах жеңіліп қаза табады. Оның ұлы Фарох Сиярмен өткен шайқаста Қыпшақ ханның жақтасы Жаһандар Шаһтың ұлы сардары Золфақар хан шейіт болады. Жаһандар Абдассамад ханды Сик қауымының басшысы Грудың жасаған бүлігін басуға жібергенде Қыпшақ хан Абдассамадты қолдап, соның қармағында жорыққа аттанады. Қожамқұли-бек қолбасшылардың сапында қатысқан бұл соғыс ұзаққа созылып, 1714 жылғы бір ұрыста оның мойнынан оқ тиіп (мылтықтан) жарақат алады. Лухкаредегі шайқаста сиктерден басым түсіп, Закария хан есімді сардармен бірге Сахрандағы әмір Мир Жумлеге жеңістің сүйінші хатын алып барды. Аса маңызды жеңістің хабары да, оны алып келген жаралы қолбасшы да әмірдің назарына ілігіп, оның ұсынысымен патша Қыпшақ ханның әскери шенін өсіріп, бағалы сыйлықтар береді.
«Тарих-и Қыпшақи» Ұлы Моғол империясын Рошан Ахтар БаҺадүр билеген (1719-1748) кезеңде басталып, араға 6 жыл салып толық аяқталды. Сиктермен соғыста ерлігімен танылған Абдассамад Баһадүр-хан патшаға жақындығын пайдаланып тарихшы шығармасының алғашқы нұсқасын бітіріп, толықтырып, екінші нұсқасын жазып жатқан кезінде «Баһадүр» деген атақ берілуіне ықпал етеді. Қожамқұли-бек Балқи Баһадүрдің бұдан кейінгі өмірі мен шығармашылығы көмескіленіп барып, жоғалып кетеді.
«Тарих-и Қыпшақидың» Санкт-Петербургтағы (Ленинградтағы) Салтыков-Щедрин атындағы қоғамдық кітапхананың сирек қорындағы нұсқасын қарастырып, Орта Азия мен Қазақстан тарихына қатысты V бабының соңғы бөлігін аударып, түсініктерін жазып, алғаш ғылыми пікір білдірген шығыстанушы-тарихшы В.П.Юдин болды. ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары өзбек тарихшысы Э.У.Хоршут Қожамқұли-бек Балхидың осы шығармасына қызығушылық танытып, ағылшын нұсқасынан үзінділер аударып, іргелі түрде зерттеулер жүргізді. Ол бұл еңбекті Орта Азия халықтарының тарихын жазуда айғақты дереккөзі ретінде қарастырып, Орталық Азияға қатысты «Тарих-и Кипчак-хани» – важный источник по истории Средней Азии и Северного Афганистана XVI-XVII вв.» атты іргелі еңбек жазды. Ел тәуелсіздігінен кейінгі жылдары профессор Ж.Төлебаева мен тарихшы ғалым Н.Атығаев осы тақырыпқа қалам тартып (В.Юдин аудармасы бойынша), осынау тарихи еңбекті отандық ғылыми айналымға енгізді.
«Тарих-и Қыпшақиды» зерттеген ғалымдардың барлығы дерлік еңбектің 7 нұсқасын, яғни Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы РҒА Шығыстану институты бөлімшесінің қорында екі нұсқасы (тіркелу №№ С.433 және С.1864), біреуі Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің қорында (№964), тағы бірі осындағы Салтыков-Щедрин атындағы мемлекеттік қоғамдық кітапхананың қорында, бесіншісі – Өзбекстан ҒА Шығыстану институтының қорында (№ 4468), алтыншысы – Францияның Париж ұлттық кітапханасында (№348), соңғысы жоғарыда аталған Ұлыбританияның Бодлеан кітапханасында (№117) сақталғандығы туралы айтылып, олар ғылыми нысанаға алынып келеді.
Осы күнге дейін «Тарих-и Қыпшақиға» қызығушылық танытқан жеке адамдардың, болмаса аудармашы-зерттеушілердің дені осы аталған 7 нұсқаны қарастырып, нысана ретінде пайдаланып, ғылыми ой-тұжырымдар білдіріп келді. Алайда М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және текстология бөлімінің меңгерушісі Т.Әлбеков пен ғылыми қызметкері Ю.Пилтанның Душанбе қаласына барған ғылыми іссапары кезінде Тәжікстанның Ғылым академиясынан шығарманың тағы бір нұсқасын анықтап, көп қиындықтармен электронды көшірмесін елге алып келді.
Ең алдымен, бұл нұсқаның басты ерекшелігін көлемінен көруге болады. Оның көшіруші қойған реттік саны 1006 бетті көрсетсе, кейбір қосарланып, беттелмей кеткен парақтарды есептегенде, жалпы мөлшері 1036 бет. Сол себептен өзге үлгілерге қарағанда осы қолжазбаға түскен мәтін толық әрі тарихшының өзінен бұрын жазылған еңбектерден алынған, естіген, көзімен көрген оқиғалары кең көлемде, мол деректер арқылы жеткізген алғашқы нұсқаларының бірі деуге негіз бар. Қолжазбаның соңында араб тілінде жазылған көшірушінің: «...Осы сөздерді жазушы – Қыпшақ хан (оны Алла Тағала апаттан сақтап, мәңгілік ғұмыр берсін). Осы тарихты жаңа айдың басында асығыс болса да аяқтау ойда болды. Бұл пәленше ұлы пәленше пәленше ұлының хаттағаны [көшіргені]» – деген сөздеріне қарағанда да бұл шығарманың бір ғана көшірме нұсқасы болып табылады. Сондай-ақ шығармамен танысу барысында Қожамқұли-бектің тек жазушы ғана емес, тарихты зерттеуші екендігінен де хабардар боламыз. Бұған автордың шығарманы жазу кезінде өзінен бұрынғы қыруар әдебиеттерді пайдаланып, оларды бір-бірімен салыстырып, айтқан өзіндік ой-пікірлері айғақты дәлел болады.
Ортағасырлық кітаптардың көпшілігі патшалардың, уәзірлердің, яки жоғары мансаптағы билеушілердің тапсырысымен жазылып, солардың көмегімен жарық көріп, жария болып отырғаны мәлім. Ал дәл осы шығарманың жазылу барысында автор өзіне бағыт-бағдар көрсетіп, кітаптың ішкі құрылымының, мазмұндық жүйесінің сапалы шығуына ақыл-кеңесін беретін, қаржылай көмек беретін бірде-бір адам таппағанын өкінішпен еске алып отырады. Кітапты жазуға өтініш жасап, оған көмек қолын созған адам Пенжаб аймағының билеушісі Абдассамад хан Баһадүр ғана болады. Сол себепті Қожамқұли-бек алдымен тарихи кітаптарды оқып, оларды өзара салыстыра саралап, оған көзімен көрген оқиғаларды қосып, кітапты 1720 жылы бастап, 1722 жылдың жамид-әл-әууәл айының 2-сі бейсенбі күні алғашқы нұсқасын аяқтап шыққан.
«Тарих-и Қыпшақида» оқырмандардың барлығына да ортақ жалпылама тарих қарастырылады. Нақтылап айтқанда, адамзаттың жаратылысынан, пайғамбарлардың шежіресінен бастап, 1725 жылға дейінгі тарихты қамтиды. Зерттеушілер ескерткендей еңбек: бата сөзден (фатихадан), бастамадан, бес баптан, аяқтама мен қосымшадан тұратын болса, ал баптар өз ішінде бөліктерден, тайпалардан, топтардан, әулеттерден құралады. Бата сөзде Аллаға мінәжат етіп, бастамада автор мен кітапқа байланысты қысқаша мәліметтер келтіріліп, жазылатын кітаптың жүйесі мен мазмұндық құрылымы беріледі. Алғашқы бапта Исламға дейінгі Мурсал және Ұлы пайғамбарлар мен олардың ізбасарлары, ежелгі дін тарихы, екінші бапта Исламның алдындағы патшалардың жылнамасы, үшінші бапта Исламнан бұрынғы Ажам сұлтандары мен оларға замандас патшалардың шежіресі, төртінші бапта Мұхаммед пайғамбар мен халифаттық билік құрған халифалар туралы, бесінші бапта Ислам дәуірінде салтанат құрған патшалар жөнінде баяндалады. Аяқтамада кітаптың жазылуы, кемшіліктері, кедергі болған қиыншылықтар, көшірушінің түйін сөзі көрсетіледі.
Қожамқұли-бектің тарихшылық, жазушылық ұстанымдары мен өзіндік амал-тәсілдеріне тоқталар болсақ, ең алдымен, ол өзінен бұрын жазылған еңбектермен мүмкіндігінше танысып, оларды бір-бірімен салғастырып, қажетті, ақылға сыйымды жерлерін пайдаланып, өзіне ұнамаған жерлеріне жеке көзқарастарын білдіреді. Олардың арасында «Тарих-и Табари», «Тарих-и Санде», «Таж-әл Мааср», «Тарих-и Фируз Шаһи», «Рузат әл-Сафа», «Тарих-и Банакати», «Тарих-и Вассаф», «Тарих-и Хумаюни», «Тазук Темури», «Хабиб ус-сияр», «Тарих-и Рашиди», «Абдулла-наме», «Тарих-е Гозиде», т.б. тарихи жазба жәдігерлер кездеседі.
Оның екінші дереккөзі – ауызша айтушылардың мәліметтері, яғни мифтік, әпсаналық, хикаяттық, аңыздық, ауызекі әңгіме, шежіре ретінде жад арқылы жеткен халық әдебиеті. Еңбектің үшінші нысанасы – тарихшының көзімен көріп, бастан өткізген оқиғалары, кездескен, әскери жорықтарды, соғыстарды, сапарларды бірге өткізген тұлғалардың, билеушілердің, әскербасылардың іс-әрекеттерді сақтаған өзінің жады мен сапарнама жазбалары мен күнделіктері сияқты жеке мұрағаты.
Ал шығарманың Душанбе нұсқасының көшірмесі институттың жоспарлы жұмыстарының қатарында елге жеткізіліп, ғалымдардың талқысына салынып, бұл қолжазба жәдігердің тек Орталық Азия елдерінің ғана емес, қазақ халқының тарихына қатысты тұстары да аса мол екендігі сөз болды. Сондықтан бүгінгі күнге дейін әлемнің ешбір тіліне толық тәржімаланбаған, тіпті түпнұсқа тілінде де басылым көрмеген бұл жәдігерді тікелей қазақ тіліне аударып, отандық руханияттың қатарына алу туралы ұсыныстар түсті. Нәтижесінде, арнайы жоба жасалып, ол 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсына қатысып, жеңіске жетті.
Қаржы жетімсіздігі аударманың жоспарланған көлеміне де өзіндік әсерін тигізбей қалмады. Жоспарланған аударманың есімдер, географиялық, этнонимдік, т.б. көрсеткіштерінің көлемін шектеп, аса қажетті делінген кітаптың V бабының «Түрік, Моғол, Татар, Түркістан хандары мен Шыңғыс ханның дүниеге келуі туралы» 5-бөлігінен бастап енгізуге ұйғарым жасалды. Сол себепті жоба тек Ю.Пилтан, Т.Әлбеков, Н.Елесбай, А.Оралбек сияқты институт қызметкерлерінің күшімен ғана жүзеге асырылып, қолжазба мұраның тікелей аудармасы қалың оқырмандардың назарына ұсынылып отыр.
Еңбекті аудару, баспаға дайындау барысында көрініс берген біршама қиындықтарды ескере отырып, аудармашылар тарапынан кеткен кейбір кемшіліктерге оқырмандар түсіністікпен қарайды деген үмітеміз. Шығармада кездесетін есімдердің көпшілігі (моңғол, үнді, түріктен өзге) араб атаулары болғандықтан, олардың парсы тілінің заңдылықтарына бағынып, түпнұсқада өзгеше дыбысталып кететін жерлері аз емес. Сондай-ақ ортағасырлардағы билеуші тұлғалар бірнеше жанама, лақап есімдер иеленгендіктен, бір бетте бір адам бірнеше атаумен көрсетіледі. Мұны аңдамаған оқырман оларды бірнеше кейіпкер деп түсінуі әбден мүмкін. Жоғарыда аталғандай Қожамқұли-бек Балхидың тегі түріктектес халықтан шыққанымен, ширек ғасырға жуық Үндістанда тұрғандықтан, оның кейбір атауларды, ұғымдарды парсы-үнді немесе таза үнді тілінде жеткізуі де заңды.
Қолжазбаны тәржімалау кезінде беттердің шетіне көшірушінің қосымша жазған ескертпелері сондағы мәтінмен сәйкес келмеуі, беттердің ауысып кетуі, реттік нөмірдің қойылмай қалуы сияқты жайттар жиі қайталанады. Көбінесе мәтін арасында кездесетін өлең жолдарының мазмұндары түсініксіз болып келеді және көрсетілмейді. Аудармада өлең мәтіндерінің сөзбе-сөз аудармасы берілді. Сонымен бірге тарихи оқиғаларға, тұлғаларға қатысты деректер нақты деректерге сәйкес келмейтіні де жиі байқалады. Тағы бір қолбайлау болған кедергі, қолжазбаның өте көнелігіне, көшірушінің жанама түсірген жазуларына, өшіруіне байланысты жекелген сөйлемдердің, сөздер мен тіркестердің дұрыс оқылмай түрлі қиындықтар туғызғанынан да оқырмандарды құлағдар еткіміз келеді.
«Тарих-и Қыпшақи» еңбегін аяқтарда Қожамқұли-бек Балхи: «Жазушы жағдайының жоқтығынан, қаражаттың кемшіндігінен, қабілет-қарымының аздығынан, жол азабынан, жалғыздықтың салдарынан шынайы сөзді үлкендердің құлағына жеткізе алмады. [Бұл жазылғандар] дұрыс па, жоқ әлде дұрыс емес пе, Құдай Тағаланың көмегімен 3 жылда жаңа үлгіде хатқа түсірді. Егер баяндау кезінде кейбір оқиғалар ұмытылып қалған болса, «Адамның өзі қателіктерден жаратылды», – деп ағынан жарылған екен. Арада үш ғасыр өтсе де тарихшының осы пікіріне біздің де толық қосылғымыз келеді. Алдағы уақыттарда шығарманың барлық нұсқаларын бір жерге топтастырып, бір-бірімен салыстырып, әдеби-текстологиялық зерттеулер жүргізу арқылы түпнұсқаға жақын нұсқасын анықтап, ғылыми басылымын жарыққа шығару қажет деген ойдамыз. Осы жәдігер ұлт руханиятының бір кем жерін толтырып жатса, мақсатымыздың орындалғаны.
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ,
ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы
Тоқтар ӘЛБЕКОВ,
филология ғылымдарының кандидаты
Әскери теңіз күштерінде тәрбиеші офицерлердің мерекесіне орай салтанатты жиын өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:50
Ақпарат министрі Алматыда «ҚР Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Бүгін, 12:32
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Мәжіліс автокөліктерді жымқыруға қарсы күрес туралы халықаралық келісімді қарастырады
Парламент • Бүгін, 12:11
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Бүгін, 12:07
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Бүгін, 12:06
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Бүгін, 11:58
Қазақ қызы АҚШ мемлекеттік департаментінде басшылық қызметке тағайындалды
Әлем • Бүгін, 11:50
Маңғыстау облысында арқар атқан азамат ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Әділет органдарында жемқорлық 67 пайызға азайған
Қоғам • Бүгін, 11:25
Шымкентте еркіндікте жүрген арыстан табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Қазақстанда алдағы үш күнде аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 11:04
Семейде бозбалалар зейнеткерді өрттен құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 10:55
Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:55
Вакцина өндірушісіндегі өрт бес адамның өмірін қиды
Әлем • Бүгін, 10:53
Желіде Балқаштағы өлі балықтардың видеосы тарады
Экология • Бүгін, 10:51
Қазақстанда қанша адвокат бары айтылды
Қазақстан • Бүгін, 10:44
Өткен жылы алименттен жалтарғандардан 76 пәтер мен 62 көлік өндірілген
Қазақстан • Бүгін, 10:36
Алматының телемедицина орталығы КВИ жұқтырғандарға тәулік бойы көмек көрсетеді
Аймақтар • Бүгін, 10:32
Өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Энергетика министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:28
Атқарушылық сот құжаттары біріздендірілді
Қоғам • Бүгін, 10:25
Белгісіз адамдар Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, жалған ақпарат таратуда
Қоғам • Бүгін, 10:24
Зергерлік бұйымдар нарығының жұмысына маңызды қадам жасалды
Әлем • Бүгін, 10:23
Карантин талаптарын бұзудың 27 мыңнан астам фактісі анықталды
Қазақстан • Бүгін, 10:19
Қазақстанда сарбаздарды SMS-хабарлама арқылы әскерге шақыратын болды
Қазақстан • Бүгін, 10:07
Алматыда онкологиялық ісігі бар 81 жастағы науқастың өмірі құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:05
ҮЕҰ арналған гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды
Қоғам • Бүгін, 10:04
«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты адалдық сағаты өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:00
Зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім беретін онлайн-платформа іске қосылады
Қазақстан • Бүгін, 09:50
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:47
Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:45
Коронавирус жұқтырған 25 мыңнан аса адам ем қабылдап жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Бүгін елордада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды
Білім • Бүгін, 09:35
Ералы Тоғжанов Қордай ауданындағы жұмыс барысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 09:28
Елімізде тағы 1076 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:24
Спорт • Бүгін, 09:19
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:15
Қазақстанда өткен тәулікте 1430 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 08:46
Әкімдіктерде бетбұрыс бар (Ол – министрліктерге өнеге)
Оқиға • Бүгін, 08:43
Қоғам • Бүгін, 08:42
Бәрін бүлдіретін – «бейресми жол»
Саясат • Бүгін, 08:40
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Вакциналау пандемияны ауыздықтай ала ма?
Коронавирус • Бүгін, 08:37
Өнер • Бүгін, 08:23
Ташкентте жарық көрген «Терме»
Руханият • Бүгін, 08:22
Қоғам • Бүгін, 08:17
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Саясат • Бүгін, 08:10
Экономика • Бүгін, 08:07
«Достлуг» Каспийдегі достықты нығайтады
Саясат • Бүгін, 08:05
Нарық үшін нағыз бәсеке енді басталады
Экономика • Бүгін, 08:05
Байден билігі: «Үмітке толы күн»
Әлем • Бүгін, 08:03
Қазақ журналистикасының қара нары
Қоғам • Бүгін, 08:00
Ұлт қасіретін арқау еткен туынды
Кино • Бүгін, 07:57
Саясат • Бүгін, 07:54
Ахуалың қалай, ауылдағы ағайын?
Ауыл • Бүгін, 07:52
ЕО-ЕАЭО: Еуроодақпен ынтымақтастықты дамытудан ұтарымыз көп
Саясат • Бүгін, 07:50
Әлем • Бүгін, 07:46
Пікір • Бүгін, 07:45
Ойыл өзенінің орнын сипап қалмайық
Қоғам • Бүгін, 07:41
Вирусқа қарсы стратегия жаңартылды
Әлем • Бүгін, 07:40
Қоғам • Бүгін, 07:37
Қауіпті індет «құтыра» бастады
Қоғам • Бүгін, 07:35
Оқиға • Бүгін, 07:34
Таным • Бүгін, 07:33
Наурыз Қылышбаев: Қазақ әлемге қаласымен емес, киелі даласымен танылған
Сұхбат • Бүгін, 07:31
Жүргізушілер қуанатын күн жақын (Сенат маңызды заң жобаларын қабылдады)
Парламент • Бүгін, 07:31
Ұқсас жаңалықтар