Облыста 2017 жылы бақылауда тұрған 54 ұн өндіретін кәсіпорындардың 23 ғана бірінші және жоғары сұрыптарды байытқан. Сонымен қатар өткен жылы Қостанай қаласы бойынша департаменттің бақылауындағы 28 диірменнің тек 8-і ғана ұнды қажетті элементтермен байытқан. Мұндай көрініс тек Қостанай қаласында ғана емес, облыстың Таран, Қостанай, Жітіқара аудандарында және Рудный мен Арқалық қалаларындағы диірмендерде орын алған.
Жалпы облыс бойынша базарлар мен дүкендерде байытылмаған ұн да сатыла береді. Наубайханалардың 80 пайызы нан өнімдерін өндіруде жергілікті өндірушілердің байытылмаған ұнын пайдаланады.
Нәзира Жәрімбет
«Егемен Қазақстан»
Қостанай