Аймақтар • 27 Ақпан, 2018

Қостанайда Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қостанай облысында азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Қостанайда Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді

Кездесу барысында қаты­су­шы­лардың бірі министрге сұрақ қойып, министрлік пен Қа­зақстан мұсылмандары діни басқармасының арасындағы өзара іс-қимылды бес балдық шкала негізінде қалай бағалайтынын сұрады.

«Біз Қазақстандағы бар­лық ресми тіркелген діни бірлес­тік­термен, соның ішінде Қазақ­стан­ның ең ірі діни бірлестігі – Қазақ­стан мұсылмандары діни басқармасымен де сындарлы қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз», деді министр.

Н.Ермекбаевтың айтуынша, министрлік Діни басқармаға әр­түрлі бағыттағы маңызды мә­се­лелерді шешуде қолдау көр­се­теді.

«Діни саладағы барлық ұсы­ныс­тарымыз бен шешім­деріміз бойынша біз ҚМДБ бас­шы­лығымен алдын ала консультация­лар өткіземіз, олармен кеңесеміз, сондай-ақ басқа да ірі конфессия­лар басшылығымен кеңесеміз. Сондықтан Мүфтиятпен өзара бай­ланысымызға бес деген ба­ға беремін. Сондай-ақ Қазақ­стан­дағы екінші үлкен конфессия бо­лып табылатын Орыс правосла­вие шіркеуімен де өзара іс-қимы­лымызды бес деген балмен ба­ғалаймын. Басқа конфессия­лармен де байланысымыз өз деңгейінде», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 23-24 ақпан күндері министр Нұр­лан Ермекбаев Қостанай облы­сына жұмыс сапары бары­сында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің халық алдындағы есептік кез­десуіне қатысты. Сондай-ақ ми­нистр облыстағы бірқатар ұйым­дарды, өңірдегі мәдени және рухани нысандарды аралады. Оның ішінде Аймағанбет қажы Спанұлы атындағы облыстық мешітке барып, имамдармен кездесуінде ҚМДБ-ның облыстық филиалы жұмысындағы мәселелерді талқылады.

«Егемен-ақпарат»