Болған оқиға марқұмдардың туыстарына хабарланды. Бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында Мәскеу түбіндегі Новоселки селосында үш адам жүк машинасының ішінде қайтыс болғаны туралы ақпарат берілген болатын. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі өлгендердің денесін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыру үшін кеңестік-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.
24 ақпан күні Новоселки селосындағы қойма ғимараттары аумағында жүк машинасының ішінен үш адамның өлі денесі табылған. Олардың денесінде ешқандай зәбірлеушілік белгісі болмаған. Алдын ала болжам бойынша олар газдан уланып қайтыс болған. Машинаның кабинасында газбен жанатын құрылғы табылған. Өлімнің нақты себебі сараптаудан кейін анық болады.