Қазақстан • 28 Ақпан, 2018

Тілдің болашағы – латын графикасында

24 реткөрсетілді

Ғалымдар тарапынан жаңа әліпбидің бірнеше нұсқасы ұсынылды. Латын әліпбиінің екінші нұсқасы, яғни апостроф арқылы жазу нұсқасы 2017 жылдың 26 қазанында бекітілген еді. Бұл бастаманы ел болып қолдаған болатынбыз. 

Елдің латын әліпбиін қолдағаны соншалықты, тіпті көптеген ғимараттардың маңдайшасындағы атауды латынға ауыстыра бастады, олардың қатарында мен де бармын. Осылайша өзім басқарып отырған Сол­түс­тік Қазақстан облысындағы «Қазақстан» атты ірі кино­театр­дың атауын латынша «Qazaqstan» деп ауыстырған едім.

Жақында Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаев қазақ тілінің латын гра­фикасының жаңа нұсқасын бекітті.

 Бұл алдыңғы нұсқаға қарағанда әлдеқайда ыңғайлы деп санаймын, себебі қазаққа тән төл дыбыстар маңдай­ша­ларында сызықша көрсетілген, бұл нұсқа көңілге қонымды. Жалпы алғанда, қазақ тілі міндетті түрде латын графикасына көшуі тиіс.

Қазіргі уақытта шетелдіктердің қазақ тілін үй­ренуге, қазақ мәдениетімен танысуға деген құш­тарлығы жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан қазақ тілінің болашағы латын графикасында екендігіне сенімдімін.

Сәуле МҰСАБАЕВА,

«Qazaqstan» кинотеатрының директоры

Солтүстік Қазақстан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар