26 Қараша, 2011

Ұлттық қауіпсіздіктің сенімді қалқаны

315 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Тәуелсіз еліміздің дамуының қазіргі кезеңінде Президент және Үкімет қауіпсіздік мәселесіне жете көңіл бөліп отырады. «Қазақстан -2030» Стратегиясында атап көрсе­тілгендей, ұлттық қауіпсіздік XXI ғасырда мемлекет дамуының негізгі ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі ретінде тұжырымдалған. Сон­дықтан да шекарадағы қауіпсіздік Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің ажырамайтын бөлігі болып табыла­ды. Осы тұрғыдан ал­ғанда шекара­лық салада Қазақ­стан Республика­сының өмірлік маңызы бар мүдде­лерінің пәрменді қорға­луын қамта­масыз ету, сондай-ақ дүниежүзілік қоғамдастыққа одан әрі кірігу үшін қолайлы жағдайлар жасау – шекара қызметінің негізгі мақсаты. Халықаралық өткізу пункттерінде шекаралық бақылауды қам­тамасыз ету – Шекара қызметінің жауапты учаске­лерінің бірі. Мемлекеттік шекара ар­қы­лы өткізу пункттері қызметінің мә­се­лелері, олар­дың техникалық жағ­дайы және өткі­зу бойынша мүмкін­діктері Шекара қызметі қолбасшы­лығының ұдайы бақылауында. Халық­аралық терроризм, есірткі бизнесі және транс­шекаралық қылмыстардың ұл­ғая түсуіне байланысты барлық өткізу пункттері құжаттарды тексе­ру­дің, көлік құралдарын қараудың қазіргі заманғы арнайы техникалық құрал­да­рымен жарақтандырылған. Бұл ба­қы­лау бөлімшелеріне шека­ралық бақы­лауды сапалы жүзеге асыруға мүм­кіндік береді. Бүгінде Қазақстан шекарасын орналастыру жалғасуда. Ол қазіргі заманғы техникалық жабдық­тар­мен жарақтандырылған. Сон­дай-ақ контра­­бандалық жүктердің және заңсыз көші-қонның өтуіне сенімді тос­қауыл болып келеді. Шекара күзеті­нің жүйесінде шекаралық іс-қимыл­дың жаңа түрлері мен тәсіл­деріне көшу басталды. Мыса­лы, таулы және шөлді жерлерде элек­тронды дабыл кешені мен бейне бақылау жүйесінен басқа, олардың көмегімен қалыптас­қан жағдайды дистанциялық бақы­лап отыратын электронды құралдар қолданыла­ды. Осының нәтижесінде жыл өт­кен са­йын контра­бан­далық фак­тілер­дің саны азая түсуде. Каспий маңы өңірі де елеулі назар аударуды талап етеді. Кас­пий­дің қазақ­стандық сек­то­­рындағы те­ңіз ше­ка­ра­сының ұзақ­ты­ғы ау­мақ­тық сулар мен құрлықтық қай­раңды қосқанда, 2000 шақырым­нан астам жерді құрайды. Бұл Каспий маңы елдерінің арасында едәуір ұзақ шекара болып табы­лады. Каспий теңізінің айдынын Өңір­лік жағалау күзеті басқармасының бөлімдері күзетеді, ол – теңіз ше­кара­лық дивизиондары, шекара жа­сақ­тары, техникалық қадағалау бекеті. Автоматтандырылған ра­дио­ло­ка­циялық кешендерінің жүйе­сі құрлық­тан шекараның теңіз учаскелерін сенімді қорғауды қамта­масыз етеді. Шекаралық дивизиондар кез келген қауіп-қатерге қарсы тұруға қабілетті. Онда тәжірибелі офицерлер, мичмандар мен матростар қызмет етеді. Шекара күзетінің әдістерін жылдан-жыл­ға жетілдірілуде жаңа техника­лық құ­ралдардың озық түрі пайдала­ны­лады. Мысалы, Каспий теңізінің жағалауындағы нысаналарды тез тануға және уа­қыт­тың нақты ауқы­мында жағалау бекеттеріне, ұшақ­тар мен тікұшақ­тар эки­паж­­дарына, шекаралық корабльдер мен катерлерге деректерді беруге мүмкіндік беретін авто­мат­тандырылған радиолока­ция­лық жүйемен қамтылған. Мемлекет әскери қызмет­ші­лерді тұрғын үймен қамта­ма­сыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Тәуелсізді­гіміздің 20 жыл­дығы қар­саңын­да 60 ардагер мен әскери қызметші-шекара­шылар Шым­кент қала­сында жаңа пә­тер кілтін алды. Сондай-ақ осы жыл­дың қараша­сында Алма­ты­да шекара қыз­метінің 120 ардагері мен әскери қызмет­шілері жаңа пә­тер­лерге ие бол­ды. Сонымен қа­тар, рес­пуб­­ли­калық бюджеттен бөлін­ген ақша­лай қа­ражатқа әскери қыз­мет­ші­лердің отбасы­лары үшін Ақтө­бе, Өске­мен, Талдықорған және Павлодар қалаларында көп қа­батты тағы бес тұрғын үй са­лынуда. Ал келесі жылы Астанада екі тұрғын үйдің құры­лысын жүр­гізу туралы шешім қабылданды. Қазақстандық шекарашы­лар­дың кәсіби деңгейі жоғары, тәжіри­белері мол. Жыл басы­нан бері мемлекеттік шекарада 32 мыңнан астам құқық бұзушы­лардың жолын кесіп, 600 килоға жуық есірткі заттарын алып өту әрекеттеріне тосқауыл қоюы соған нақты дәлел. Радик КАГЕНОВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің аға лейтенанты. _______________________ Айқарма беттің материалдарын ұйымдастырған Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.