С.Төретаевтың айтуынша, 2013-2017 жылдары ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері халық арасында 330 мың адамды қамтитын 2700-ден астам әр түрлі форматта іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде 989 шарамен 103 мыңнан астам жастар қамтылды.
- 55 мыңнан астам балаларды қамтитын 9 әскери патриоттық клуб пен 86 жасөспірімдер клубы, «Жас ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жастар ұйымдары құрылды. Облыстағы барлық білім беру ошақтары заманауи қорғаныспен, дабыл жүйелерімен және бейнебақылау камераларымен 100% қамтамасыз етілген.Бұдан басқа, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде «Қауіпсіз қала» жобасын жүзеге асыру үшін көшелерде камералар орнату үшін 2,1 млрд. теңгеден астам (1800 бірлік) сыртқы бейнебақылауды кезең-кезеңмен қамтамасыз ету жоспарлануда, бірінші кезеңде ең қылмыстық аудандарда 500 камераны орнату жоспарлануда, деді ол.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы