Қазақстан • 07 Наурыз, 2018

Ауқымды әрі салмақты бастама

348 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 Бүгінде елімізде жүзден астам этностың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олардың салт-дәстүрін, м­әде­­ниетін сақтап, нығайтуына ба­рын­­ша жағдай жасалып отыр. Осы этнос­тардың арасында Мем­ле­кет басшысы алға қойып оты­рған міндеттерді барша қазақстан­дық­тармен бірге жүзеге асыруға дайын, әлеуметтік тұрғы­да белсенді, ғылым мен мәдениетті дамытуға атсалысып келе жатқан күрд этносы да бар.

 

Ауқымды әрі салмақты бастама

Қазақстандағы этномәдени бір­лес­тіктер еліміздегі барлық жетіс­тіктер қоғамымызда салтанат құрып отырған татулық пен келісімнің арқасында болып жатқанын терең түсінеді.

Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палата­лары­ның бірлескен отырысында жариялаған бес әлеуметтік бас­тамасын ыстық ықыласпен қабыл­дадық. Мен білім саласының өкілі болғандықтан, Елбасының осы бес бастамасының ішіндегі жоғары білім беру, жастарды қолдау бағы­тын­­дағы мәселелерді ерекше атап өт­кім келеді. Өйткені өскелең ұр­пақ – біздің бола­шағымыз, мемлекет та­ра­пынан жос­парланған барлық ре­фор­маларды жүзеге асырушы күш.

Менің пікірімше, көтерілген бар­лық бастамада ауқымды әрі сал­мақ­ты, онда қазақстандықтарды толған­дырып келе жатқан маңызды мәсе­лелер қамтылған. Ондағы бар­лық мәселелер халқымыздың әлеу­мет­тік ахуалын жақсартуға бағыт­тал­ған. Нақтылай айтқанда, бұл бастамалар арқылы баспанамен қамту, салықты төмендету, білім беруді сапалы әрі қолжетімді ету, мик­ро­кредитті кеңейту, газдандыру секілді маңызды мәселелер шешімін таппақ. Бұл өз кезегінде еліміздің әлеуметтік тұрғыда дамуына мүмкіндік береді. Осы арада ерекше тоқтала кетер жайт, әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, Елбасы бірінші кезекте елдің әлеуметтік жағдайын жақ­сартуға, қарапайым халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға баса назар аударып келеді. Бұл көреген басшыға тән қасиет.

Князь МИРЗОЕВ,

«Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі

АЛМАТЫ