Аймақтар • 07 Наурыз, 2018

Теріскей таланттары» фестивалі басталды

758 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осынау өнер фестивалі талай таланттың жолын ашты. Мысалы, Мәдениет қайраткері, әнші Жұбаныш Жексенұлы, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов сынды елімізге танымал өнерпаздар «Теріскей таланттары» байқауынан қанат қақты.


Теріскей таланттары» фестивалі басталды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының 90 жылдығына және Астананың 20 жылдығына орай, яғни 1998 жылы бастау алған «Теріскей таланттары» халықтық өнер фестивалі биыл 20-шы рет ұйымдастырылып отыр. «Мыңжылқы» мәдениет сарайында. Фестивальді Созақ ауданының əкімі Салыхан Пола­тов құттықтау сөзбен ашып, Қ.До­сымбековтің сөзіне жа­зылған С.Батырбековтің «Те­ріскей таланттары» əнінің тұ­сауы кесілді. Ауылдық жер­лер­­дегі жас таланттарды тау­ып, оларға қолдау көрсетуді, отан­­­сүйгіштікке баулуды көздеген фестивальға қатысу­шылар сегіз жанр бойынша сынға түседі. Яғни, «Сырлы саз әуендері» – эстрада жанры бойынша, «Зерлі қалам» – бейнелеу өнері қылқалам шеберлері, «Күміс керуен» – қолөнер ше­бер­лері, «Сырлы дүние» – жыр мүшәй­расы және көркемсөз оқу, «Гауһартас» – халық ән­дері, «Сәукеле» – би, «Сахна иі­рімі» – драма жанры, сондай-ақ «Ха­лық – өнер қайнары» ұжым­дық көркемөнерпаздар байқауы арқылы таланттар анық­талмақ. Фестивальдің ашылу салтанаты «Мерейіңмен, туған ел!» атты әдеби жүздесуге ұласып, теріс­­кейде туған Ескермес Жақ­сым­бетов, Есенбек Кенжеғараев, Мың­жасар Асқаров сынды ақын­дар өлеңдерін оқып, аудан əн­шілері елімізде кеңінен танылып үлгерген əндерін орындады.

Атап айта кетелік, қара күзге дейін созылатын фестивальдің жүлде қорына аудан əкімдігі тарапынан 2 миллион 500 мың теңге тағайындалған. Жеңімпаздар қорытынды гала-концертте марапатталады.

Сондай-ақ шара барысында «Халық – өнер қайнары» атты ұжымдық көр­кемөнерпаздар бай­қауының жүлдегерлері аудан ор­талығында арнайы концерттік бағдарламасын өткізеді.


Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы