Міне сол күн де туды!» деген жолдар бар. Адам жанының толқынысына толы, жүректен айтылған, жүректің қуанышымен айтылған сөздер бұл. Еліміздің ширек ғасырдан сәл артық уақытта өткен ұлы жолы, бүгінгі жеткен биігін санамен қайта сараптасаң ғана осы бір ұлы тұлға үшін, осы елдің, мемлекеттің бас ұстасы, бірегей сомдаушысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлігін тағы бір түйсінесің және онымен бірге қуанасың.
Елбасының бұл Үндеуі оның о баста Қазақ елі үшін, қазақ халқы үшін күллі күш-қуатын, туабітті кемеңгер ақыл-ойын қалдықсыз жұмсап келе жатқанына тағы бір рет көзіңді жеткізеді.
«Сол күн туды!». Демек Елбасының саясатында салқын ақыл, сабырлы ой мен елге, елдің болашағына деген қайсар сенім қай тұста да сыр берген жоқ. «Алла деген сөз жеңіл» дейді Абай. Сөз ғана. Ал іс миллион есе ауыр. Қазақтың талайына туған осы кемеңгердің қандай жүк арқалағанын қазіргі қазақтың, Қазақ елінің жеткен биігіне қарап елестетуге болады. Демек біз де Елбасымен бірге қуанышпен айта аламыз: «Сол күн туды!».
Елбасы Үндеуде қазақтың үш ұлы ханы Қасымның, Әз Тәукенің, Абылайдың есімдерін атайды. Біз қазіргі күрделі ғасырда Қазақ елін биікке шығарған ұлы тарихи тұлға Нұрсұлтан Әбішұлын да саналы түрде осы санатқа қосар едік.
Ал бес бастамаға келсек, мұның жалпы халықтың тұрмысын бұрынғыдан да көркейтіп, еңсесін көтере түсеріне күмән жоқ.
Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ,
«Адырна» әдеби-көркем журналының бас редакторы