Агенттік тарапынан жолданған ресми сауалға берген жауабында Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаменті жария етілген жалпы кедендік құн 51 млн 611 мың теңгені құрағандығын жеткізді. 14,8 тоннаның 8 тоннадан астамы қызғалдақтар, 1,7 тоннасы раушан гүлдері. Сонымен қатар олардың арасынд гербер, гипсофила, аспарагус пен өзге де гүл түрлері бар. Бұл өнімдердің барлығы Нидерланд, Израйль және Эквадордан жеткізілген.
Барлық гүлдер мен гүл өнімдерін «Метро Кэш энд Керии», «Каз-Флор Астана» және «3D Flowers KZ» сияқты компаниялар жеткізген.
Астана қаласының мемлекетік кірістер департаменті ақпараттардың электронды мәліметтер базасынан алынғанын айтты.