Футбол • 10 Наурыз, 2018

Павлодардың «Ертісі» жаңа маусымға дайын

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы  Баянтау  спорт кешенінде «Ертіс» футбол клубы кезекті маусым алдындағы жаңа құрамымен таныстырды.

Павлодардың «Ертісі» жаңа маусымға дайын

Ел чемпионатын 5 мәрте жеңіп алған  «Ертіс» футбол клубының жаңа құрамын таныстыру рәсіміне  облыс әкімі Болат Бақауов және жанкүйерлер қатысты.  Биыл өзгеріске ұшыраған «Ертістің» жаңа құрамында  румыниялық Адриан Аврамия, Дору Пападюк, нигериялық Фуад Салами, белоруссиялық Сергей Кисляк, испаниялық Адриан Гомез бар. Еліміздің футболшылары Алмат Бекбаев, Мидат Галбаев, Берік Айтбаев, Мақсат Әмірханов, Дмитрий Шмидт, Рахымжан Розыбакиев, Владимир Воменко, Кирилл Шестаковтар да енді «Ертістің» құрамында ойнайды. Бұрынғы ойыншылардан Руслан Есімов, Серікбол Қапанов, Никита Калмыков, Александр Кислицин, Павел Шабалин, Илья Калинин, Арман Смаилов, Милош Стаменкович пен Карлос Фонсекалар бар.

Ал, «Ертістің» жаңа капитаны болып Екібастұз футбол мектебінің түлегі Руслан Есімов тағайындалды. Қазір  «Ертісті»  жаңа бас бапкер испаниялық  Херард Нус жаттықтыруда.  Херард Нустің бапкерлік қызметі футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс.

Өткен  4 наурыз күні «Ертіс» Омбының «Ертіс» командасымен жолдастық кездесу өткізіп жеңіс әкелді.  Енді еліміздің чемпионаты шеңберіндегі алғашқы ойын 11-наурыз күні сағат 15:00 те басталады. Ертістіктер өз алаңында Атырау командасымен кездеседі.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген: Валерий Бугаев