60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев жарысқа екінші айланымда қосылып, алғашқы қарсыласы словениялық Дэвид Старкелден басым түсті. Өзінің екінші белдесуінде марокколық Джэви Мохаммедті жеңген отандасымыз жартылай финалға жолдама алған. Жартылай финалда татами иесі Ясин Моудатирді иппонмен жеңіп, финалға шыққан болатын.