Бүгін, 10 наурызда жаңа елші өз дипломатиялық миссиясын бастау үшін Астанаға келді.
Бұған дейін Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасары болып қызмет еткен. Саидикрам Ниязходжаевтың негізгі мамандығы инженер-құрылысшы, Сыртқы істер министрлігіне дейін ол Өзбекстан Республикасы Президентінің аппаратында, үкіметтік құрылымдарда лауазымды қызметтер атқарған. Мемлекеттік кеңесшінің орынбасары, экономика министрінің орынбасары болған.