Аймақтар • 11 Наурыз, 2018

Маңғыстаулық ардагерлер мен жастар волейболдан ашық турнирге қатысты

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Маңғыстаулық ардагерлер мен жастар волейболдан ашық турнирге қатысты

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Амал» мерекесіне орай және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында волейболдан ардагерлер мен жастар арасында Маңғыстау облысы әкімінің Кубогы үшін  республикалық ашық турнир өтті. «Батыстың амалы – татулықтың қамалы» тақырыбымен өткен іс-шараға жастар мен ардагерлерден құралған 18 топ (200-ге жуық адам) қатысты.

-Елбасы Қазақстан Халқына Жолдауында 2020  жылға дейін қазақстандықтардың 30 %-ның бұқаралық спортпен айналысуы қажеттігін айтып  және осы нәтижеге жету жолында спортқа жоғары дәрежеде көңіл бөлуде. Спорттық ойындар бүгінде елдер мен халықтар арасындағы достықтың алтын арқауына айналды. Маңғыстау өңірінде жалауын көтерген волейболдан ардагерлер мен жастар арасындағы республикалық ашық турнирі жастарға рух беріп, біздерді бұдан да жақынырақ табыстыратындығына сенімдімін, деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Турнирдің мақсаты – Елбасы жолдауындағы «Дені сау ұлт» бағытын қолдау, салауатты өмір салтын және еліміздің басқа да аймақтарына татулық пен мейірімділік, көрісу дәстүрін дәріптейтін «Амал» мерекесін насихаттау, халықты бұқаралық спортқа тарту.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы