26 Қараша, 2011

Мемлекет басқару өнерінің іргетасы

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған «Тиімді мемлекеттік басқару» атты ІІІ академиялық симпозиум болып өтті. Аталған симпозиум Ханс Зайдель (ГФР) атындағы қор мен БҰҰ Даму бағдар­ла­ма­сының ұйымдастыруымен өт­кізілді. Симпозиумда Қазақ­стан Республикасының мемлекеттік басқару мәселелері, үр­дістері мен перспективалары секілді тақырыптар талқы­лан­ды. Секциялық мәжілістерге әлемнің 13 елінен келген са­рапшылар, Академияның док­торанттары мен профес­сор­лық-оқытушылар құрамы, сон­дай-ақ отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерт­теу мекемелерінің өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Ханс зайдель атындағы қордың өкілі М.Майер, Еуропа дип­ломатиялық академиясының директоры И.Семинаторе (Бель­гия), Оксфорд университеті көшбасшылық және мемлекеттік саясат жөніндегі бағдарламасының директоры А.Хадсон, Стэнфорд мемлекеттік саясат мектебінің про­фессоры Дж.Там, Франция Мемлекеттік басқарудың ұлт­тық мектебі (ЕNА) халық­аралық дамыту департаменті директорының орынбасары М.Брюннер, Бүкіләлемдік банк­тің мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша аға ке­ңес­шісі У.Дилленджер, Түр­кия Жоғарғы сотының мүшесі С.Сезай Урал секілді мемлекеттік басқару ісінің білгір мамандары баяндама жасап, өз пікірлерін ортаға салды. Бұдан өзге симпозиум жұмысы шеңберінде отандық көрнекті сарапшылардың тікелей қатысуымен Академия ғалымдары дайындаған мемлекеттік басқару саласындағы тақырыптық баяндамалар бой­ынша ғылыми-зерттеу жұмыс­та­рының тұсаукесер шарасы болды. Сонымен қатар, Мемлекеттік басқару академиясы қауымдастыққа мүше елдер ара­сында Еуразия қауымдас­ты­ғының қолдауымен ағым­дағы жылы өткізілген оқу бағ­дарламалары бойынша ең үз­дік білім алушылар мен да­мытушылардың халықаралық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қанат ЕСКЕНДІР. Астана.