Дүниежүзілік Ислам Экономикалық Форумын 2006 жылы Малайзия Үкіметінің қолдауымен ДИЭФ Қоры ұйымдастырған. ДИЭФ ислам және еуропалық мемлекеттердің іскерлік қоғам өкілдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ислам қаржыландыру құралдарын пайдалана отырып, кәсіпкерлік пен инвестициялық қызметтерге қосымша мүмкіндіктерін беру мәселелері жөнінде Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттердің негізгі пікір алмасу алаңы болып табылады.
Исламдық қаржыландырудың әлемдік нарығы 2 трлн-ға жуық АҚШ долларын құрайды. Исламдық қаржы Қазақстан Республикасына шетелдік инвестициялардың әлеуетті көзі және АХҚО қызметінің бес басымдықтарының бірі болып табылады.
XIV ДИЭФ-тің Астанада өткізілуі АХҚО-ның ТМД, Батыс және Орталық Азия мемлекеттері үшін исламдық қаржыландырудың өңірлік хабы ретінде қалыптасуына көмектеседі, сондай-ақ ИЫҰ елдерінің іскерлік ортасының арасында АХҚО-ның қызметі туралы ақпараттың таралуын қамтамасыз етеді.
Шараға әлемнің әр түкпірінен мыңнан астам жоғары мәртебелі қонақтар қатысады деп күтілуде.