Қазақстан • 15 Наурыз, 2018

Салық жүктемесі азаяды

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қай мекеменің болсын, негіз­гі тірегі – қызметкерлер. Кәсіп­­­орын­­ның да табыстылығы кәсі­би маманға тікелей байланысты. Сондықтан елімізде жұмыс­шы­лардың қауіпсіздігін сақтау, әлеу­меттік әл-ауқатына қолдау білдіру жайы алдыңғы кезекке қойылған.

Салық жүктемесі азаяды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парла­мент палаталарының бірлескен оты­рысында жариялаған Үн­деуінде осы мәселеге ерекше назар аударылып отыр. Бас­та­маның халықтың әлеуетін көтерер оңды бағыт екені даусыз. 

Әсіресе, еңбекақысы төмен қыз­меткерлердің айлығын көбей­ту үшін олардың салық жүк­темесін азайтуға қатысты нақты тапсырмалар жүктелді. Яғни келесі жылдан бастап ол он есеге азайтылмақ. Бір пайыз ғана салық салуды ұсынған Елбасы ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығы азайтылатынын мәлімдеді. Ал одан алынатын қаржы мамандардың еңбекақысын көтеруге жұмсалмақ.

Біз бұл бастаманы қызу қол­даймыз. Өйткені нарықтағы баға шарықтап тұрған шақта бұл қарапайым жұмысшы табысына үстеме болары сөзсіз. «Іс тетігін кадр шешеді» демекші, айлығы көбейген қызметкердің еңбекке деген құлшынысы артатынына сенім мол.

Жалпы, бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру еліміз үшін жақсы жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Елба­сы осының барлығына берекелі бірлігіміз арқылы жеткенімізді атап айтты. Алдағы ауқымды жұмыстарға орай тиісті заңнамаға қатысты нормативтік актілер бойынша түзетулер жасалады.

Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ,

Қазақстан Коммунистік халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы