Қазақстан • 15 Наурыз, 2018

Тұрғын үй құрылысына серпін береді

263 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының 5 әлеуметтік бас­та­масының ішінде әсіресе «7 – 20 – 25» бағ­дар­ламасының ма­ңыз­ды­лы­ғын айтып жатудың өзі ар­тық. Баспана адамның тұр­мыс-тір­ш­ілігіндегі ең басты қажет­тілік деп санайтын болсақ, Пре­зи­дент ұсы­нып отырған жаңа бағ­дар­ла­м­а тұрғындардың бас­панаға қол­же­тімділігін бұрын­ғыдан да жеңілдете түседі.

Тұрғын үй құрылысына серпін береді

Соңғы жылдары еліміз тұр­­ғы­­зылған баспана бойынша р­екорд­тық көрсеткіштерге қолжет­кі­зі­­лу­де. Солай бола тұрса да бас­па­­наға мұқтаж жандар әлі де жет­­­кі­лікті. Енді «7 – 20 – 25» бағ­дар­­­ла­­масы бойынша ипо­текалық н­е­­сиенің жылдық өсім мөлшері 7 па­йыздан аспайды. Ал алғашқы жа­рна бұрынғыдан әл­де­қайда жеңіл – 20 пайыз ғана. Сонымен бір­ге оның мер­зімі 25 жылға ұза­руы себепті ауыртпалығы да бай­қал­­май­тын болады. Сөз жоқ, бұл бағ­­дарл­ама өз кезегінде тұрғын үй құ­­ры­­л­ысының жаңа серпінмен алға басуына тікелей әсер ететін болады.

Осы ретте біздің облыста  өңір тұрғындарының әлеу­меттік осал тобын мейлінше қол­жетімді тұрғын үймен қамта­масыз етуді мақсат етіп, 3 жылға есеп­телген «Орда» тұрғын үй құ­ры­лысының жол картасын әзір­легенін атап өткен жөн. Несие­лік тұрғын үйдің көп балалы от­ба­сылар, мүмкіндігі шектеу­лі аз қам­тылған топтардың бар­лы­ғы­на бірдей қолжетімді емес­тігін ес­ке­ріп, «Нұрлы жер» бағдар­ла­масы ая­с­ында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд тең­геден қаржы бөлу туралы шешім қабылданды.

Сыр өңірінде баспана құры­лысы жыл өткен сайын өрістей түсуде. 2017 жылы 1983 пәтерге арналған 47 көп пәтер­лі тұрғын құрылысы жүрсе, соның ішінде мемлекет қаржысы есебінен 1600 пәтерлі 36 үй пайдалануға берілді.

Арнұр НҰРМАҒАНБЕТОВ,

Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары