Қазақстан • 15 Наурыз, 2018

Еліміздің 50 пайыздан астам тұрғынын қамти­тын жаң­а әлеуметтік міндеттеме­лер қабылданды

45 реткөрсетілді

Қазақстанның өз азаматтарына арналған жаңа әлеуметтік пакеті дайын: бірінші рет мемлекет еліміздің 50 пайыздан астам тұрғынын қамти­тын жаң­а әлеуметтік міндет­теме­лерді қабылдап отыр.

Қазақстан жүзеге асырып жатқан мемле­кет­тік саясаттың негізінде азамат­тардың әл-ауқатын арттыру міндеті тұр. Бұл тура­лы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты респуб­лика халқына арнаған тұңғыш Жолдауында атап көрсетілген. Өтпелі кезең деп атала­тын сол уақытта еліміздегі үйрен­шік­ті эк­оно­ми­ка­лық құрылым өзге­ріс­ке ұшырады. Орта тап­тың тап­шылығы жағдайындағы эко­­но­­ми­калық-қоғамдық өзгеріс елдегі тең­сіз­­дікті дағдарыстық дең­гейге алып келді. «Қазақ­стан-2050» атты келесі негізгі даму стра­тегиясында басты мақ­саттардың қата­рын­да да қоғам­дағы тұрақтылықтың үз­дік ке­пілі ретінде қарастырылатын азамат­тар­дың әл-ауқатын қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілді.

Іске асырылған шаралар өз жемісін берді: республика көз­деген жолды берік ұстанып келеді. Мәселен 2018-2020 жыл­дарға арнал­ған бюджеттің аясында: денсаулық сақтау сала­сында 1063,6 млрд теңгеден 1070,7 млр­д теңгеге дейін; білім беру саласында 375,3 млрд-тан 470,7 млрд теңгеге дейін; әлеу­меттік көмекке 2,56 трлн-нан 3,1 трлн-ға дейін әлеуметтік шы­ғын­дарды өсіру жоспарланып отыр.

Білім және ғылым министр­лігі «білім беру» санаты бойынша өз шығындарын 100 млрд тең­геге дерлік ұлғайтады. Бұл не­­гі­зінен орта білімді қамтама­сыз ету есебінен орындалады, өсім 84,9 млрд теңгеге артпақ. Жоғары білім алуға жаңа маман­дықтар бо­йынша (робот-техника, нанотехнология­лар, ІТ-технологиялар) қосымша 20 мың грант бөлінетін болады. Еңбек нарығы сұл­басының өзгеруі есебінен қарағанда бұл төр­тінші өнер­кәсіптік революцияға апарар жолдағы уақтылы жасалған қадам.

«Әлеуметтік көмек» санаты азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етудің және олар­ға арналған төлемдердің дең­ге­йін арттырудың арқасында ұлғая­ды. Жарты триллион теңге көле­мін­дегі өсімнің барлығы дерлік Ең­­бек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министр­лігі жауап бе­ре­тін санатқа кіретін адам­дар­ға тиесілі. 

Қазақстанның өз азаматтарына арналған жаңа әлеуметтік пакетті бастауға дайын болуы Президент бұрынырақта бастама жасаған әлеуметтік жаңғыру саясатының жалғасы екенін атап өтпекпін.

Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік бастамалары әрбір отбасына қажет бар­лық құн­­ды­лықтарды қамтыды: өз табы­­сына сай баспана алу­дың қол­­жетім­ділігі, салық жүкте­ме­­сін төмендетудің есебін­ен ж­ұ­мыс істейтін адамдарға ең­бек­­ақы төлеуді арттыру; сұра­­ныс­­қа ие жақсы білім алу үшін мүмкіндіктерді молайту; кәсіп­кер­лік бастамаларды дамыту әлеуе­тін өсіру; елді мекендерді газ­дан­дыру есебінен өмір сапасын арттыру.

Жалақысы аз жұмысшылар үшін салық­ты төмендету – әлеу­мет­тік әділеттілік жо­лын­дағы ма­­ңыз­ды қадам. Ресми статис­­ти­ка деректеріне сәйкес, рес­пуб­­л­икадағы тең­сіздік көр­сет­кіш­тері дағдарыстық жағд­ай­да емес. Тұтас алғанда, жұмыс­­шы­лар саны­ның есептелген жал­ақы көлемі бойын­ша бөлінуіне сәйкес, (ҰЭМ СК ішін­ара зерт­теу­лері) 2017 жылы жалдамалы жұмыс­шы­ның ең көп таға­йын­дал­ған жалақысы 68 335 теңге кө­ле­міндегі айлық болып табылады.

Дегенмен бұл деректер­дің кезінде шағын бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың табыстары есепке алынып отырған жоқ. Мәселен мемлекеттік органдардың баға­лаулары бойынша, 60 мың тең­геден аз табыс табатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен жұмыссыздардың саны 800 мыңнан асады. Біздің есебі­міз бойынша, жалдамалы жұ­мыс­шылардың есептелген жал­ақы­сының алшақтығы Қазақ­станда 6,2 есе.

Еуропалық одақ үшін бұл алшақтық 5,8 есені құрайды. Минимум (халықаралық еңбек ұйымының 2016 жылғы дерек­теріне сәйкес) Норвегияда (2,3), максимум Литвада (4,4) тіркел­ді. Дамушы елдерде аталған көр­сеткіш 10,9-ға (Үндістан) жетеді. Ресей Феде­ра­циясында ол 5,1 есені құрайды.

Жалақы аз төленетін жұмыс­шыларға салықты төмендету – әлеуметтік әділеттілік жолын­дағы маңызды қадам. Бұдан басқа, мұндай қадам ішкі сұра­нысты ынталандырады, ал бұл елдегі ІЖӨ өсіміне алып келеді.

Президент сондай-ақ шағын кәсіп­кер­ліктің дамуына ай­рық­ша назар аударып отыр. Шағын бизнес иекемді және бе­йімделуге, сондай-ақ жылдам өз­геретін тенденциялар жағ­­да­йын­да өзін жедел қайта ұйым­­дас­тыруға қабілетті бола оты­­рып, қарқынды әлеуметтік-эко­номикалық өсімнің іргетасы және кепілі болып табылады.

Сонымен қатар кәсіпкер­лік қызметті дамытуға 80,8 млрд теңге немесе шағын несиенің жалпы көлемінің 48,3 пайы­зы берілген. 2016 жылмен салыс­тырғанда іл­гері­лемелі өсім байқалады. Дегенмен ісін жаңа бастаған көптеген кәсіпкер­лер үшін шағын несие жоғары пайыздық мөл­шер­лемеге орай қолжетімсіз болып табылады. Жеке тұлғалар үшін сараланған орташы сыйақы мөлшерлемесі 2017 жылғы ІІІ тоқсанда 27,9 пайызды құрады.

Сондықтан жеке тұлғалар, әсіресе өзін-өзі жұмыспен қам­тыған және жұмыссыз тұрғын­дар үшін шағын несиелеу арттырылады. Мемлекеттің бұл қадамы жаңа кезеңдегі ұлттың кәсіпкерлік рухын сөз жоқ, қуаттандырады.

Көріп отырғандай, Мемлекет басшысы­ның барлық бастамалары ақиқатқа негіздел­ген, айқын параметрлер мен нақ­ты мақсатқа ие, экономикалық тұрғыдан сараланған. Әр­қай­сысы айқын мақсаттық топқа бірік­тірілген.

Елбасы бес әлеуметтік бас­тама­ны күр­делі әлемдік турбу­лент­тілік және барған сайын өршудегі геосаяси тұрлау­сыз­дық жағ­дайында ұсынып отыр­ғандығын айту ләзім. Еске салсақ, шикізат бағасының жаһан­­дық суперциклінің аяқ­талу кезеңінде Қазақстан сырт­қы әсерлерді еңсерудің күрд­елі уақытын бастан өткерді. Уақ­тылы және кең ауқымды дағ­да­рысқа қарсы шаралар экономи­ка­ны сауықтырды, еліміз 4 па­йыз­дық ІЖӨ өсімі траекториясына сенімді аяқ басты.

Бірақ әлемдегі экономика­лық белсенді­лік­тің қалыпқа келуіне қарамастан, тенден­ция­ның тұ­рақтылығына қатысты қауіп сақ­талуда. Мәселен АҚШ ФРЖ негізгі мөл­шер­лемесінің көтерілуі 2018-2019 жылдарда даму­шы нарықтардан 70 млрд доллар порт­фельдік ин­вес­­т­и­­ция­лардың жылыстауы­на әкелуі мүмкін. Бұл ғалам­дық эко­­но­миканың өсіміне жағым­сыз әсер етеді. Экономи­калық үде­ріс­терді терең саясиландыру және гео­саяси қарбаластықтың сақ­­талуы жаһандық экономи­када қо­сым­­ша қатер тудыра­ды және тұрлаусыздықты күшейтеді.

Күрделі ахуалға және әлем­дік экономи­кадағы тұрлау­сыздыққа қарамастан, Елбасы қазақстандықтардың ертеңгі күн­ге деген сенімін күшейтетін, өмір сапасын арттыратын 5 әлеу­меттік бастаманы жүзеге асы­ру туралы шешім қабылдап отыр.

Сол себепті біз Қазақстанның тәуел­сіз және демократиялық мемлекет ретін­де қа­лып­тас­қан­дығын айтуға құқылы­мыз. Елі­мізде қазақстандық бір­лік пен тұтастықтың барлық қа­жет­ті саяси-құқықтық, әлеу­мет­­тік-экономикалық, мәд­е­ни-адамгершілік негізі жасалып отыр.

Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ,

Ұлттық экономика министрі

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Менің атым Қожа» – Лондонда!

Руханият • Бүгін, 12:09

Бас жүлдеге бергісіз жеңіс

Руханият • Бүгін, 09:42

«Ролан Гаррос» басталды

Теннис • Бүгін, 09:37

Ғылымға бетбұрыс

Қоғам • Бүгін, 09:12

Капитан қызы – Маша

Руханият • Бүгін, 08:57

Интернет қатерлері

Қоғам • Бүгін, 08:53

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • 25 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар