Қазақстан жүзеге асырып жатқан мемлекеттік саясаттың негізінде азаматтардың әл-ауқатын арттыру міндеті тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты республика халқына арнаған тұңғыш Жолдауында атап көрсетілген. Өтпелі кезең деп аталатын сол уақытта еліміздегі үйреншікті экономикалық құрылым өзгеріске ұшырады. Орта таптың тапшылығы жағдайындағы экономикалық-қоғамдық өзгеріс елдегі теңсіздікті дағдарыстық деңгейге алып келді. «Қазақстан-2050» атты келесі негізгі даму стратегиясында басты мақсаттардың қатарында да қоғамдағы тұрақтылықтың үздік кепілі ретінде қарастырылатын азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілді.
Іске асырылған шаралар өз жемісін берді: республика көздеген жолды берік ұстанып келеді. Мәселен 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттің аясында: денсаулық сақтау саласында 1063,6 млрд теңгеден 1070,7 млрд теңгеге дейін; білім беру саласында 375,3 млрд-тан 470,7 млрд теңгеге дейін; әлеуметтік көмекке 2,56 трлн-нан 3,1 трлн-ға дейін әлеуметтік шығындарды өсіру жоспарланып отыр.
Білім және ғылым министрлігі «білім беру» санаты бойынша өз шығындарын 100 млрд теңгеге дерлік ұлғайтады. Бұл негізінен орта білімді қамтамасыз ету есебінен орындалады, өсім 84,9 млрд теңгеге артпақ. Жоғары білім алуға жаңа мамандықтар бойынша (робот-техника, нанотехнологиялар, ІТ-технологиялар) қосымша 20 мың грант бөлінетін болады. Еңбек нарығы сұлбасының өзгеруі есебінен қарағанда бұл төртінші өнеркәсіптік революцияға апарар жолдағы уақтылы жасалған қадам.
«Әлеуметтік көмек» санаты азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етудің және оларға арналған төлемдердің деңгейін арттырудың арқасында ұлғаяды. Жарты триллион теңге көлеміндегі өсімнің барлығы дерлік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап беретін санатқа кіретін адамдарға тиесілі.
Қазақстанның өз азаматтарына арналған жаңа әлеуметтік пакетті бастауға дайын болуы Президент бұрынырақта бастама жасаған әлеуметтік жаңғыру саясатының жалғасы екенін атап өтпекпін.
Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік бастамалары әрбір отбасына қажет барлық құндылықтарды қамтыды: өз табысына сай баспана алудың қолжетімділігі, салық жүктемесін төмендетудің есебінен жұмыс істейтін адамдарға еңбекақы төлеуді арттыру; сұранысқа ие жақсы білім алу үшін мүмкіндіктерді молайту; кәсіпкерлік бастамаларды дамыту әлеуетін өсіру; елді мекендерді газдандыру есебінен өмір сапасын арттыру.
Жалақысы аз жұмысшылар үшін салықты төмендету – әлеуметтік әділеттілік жолындағы маңызды қадам. Ресми статистика деректеріне сәйкес, республикадағы теңсіздік көрсеткіштері дағдарыстық жағдайда емес. Тұтас алғанда, жұмысшылар санының есептелген жалақы көлемі бойынша бөлінуіне сәйкес, (ҰЭМ СК ішінара зерттеулері) 2017 жылы жалдамалы жұмысшының ең көп тағайындалған жалақысы 68 335 теңге көлеміндегі айлық болып табылады.
Дегенмен бұл деректердің кезінде шағын бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың табыстары есепке алынып отырған жоқ. Мәселен мемлекеттік органдардың бағалаулары бойынша, 60 мың теңгеден аз табыс табатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен жұмыссыздардың саны 800 мыңнан асады. Біздің есебіміз бойынша, жалдамалы жұмысшылардың есептелген жалақысының алшақтығы Қазақстанда 6,2 есе.
Еуропалық одақ үшін бұл алшақтық 5,8 есені құрайды. Минимум (халықаралық еңбек ұйымының 2016 жылғы деректеріне сәйкес) Норвегияда (2,3), максимум Литвада (4,4) тіркелді. Дамушы елдерде аталған көрсеткіш 10,9-ға (Үндістан) жетеді. Ресей Федерациясында ол 5,1 есені құрайды.
Жалақы аз төленетін жұмысшыларға салықты төмендету – әлеуметтік әділеттілік жолындағы маңызды қадам. Бұдан басқа, мұндай қадам ішкі сұранысты ынталандырады, ал бұл елдегі ІЖӨ өсіміне алып келеді.
Президент сондай-ақ шағын кәсіпкерліктің дамуына айрықша назар аударып отыр. Шағын бизнес иекемді және бейімделуге, сондай-ақ жылдам өзгеретін тенденциялар жағдайында өзін жедел қайта ұйымдастыруға қабілетті бола отырып, қарқынды әлеуметтік-экономикалық өсімнің іргетасы және кепілі болып табылады.
Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті дамытуға 80,8 млрд теңге немесе шағын несиенің жалпы көлемінің 48,3 пайызы берілген. 2016 жылмен салыстырғанда ілгерілемелі өсім байқалады. Дегенмен ісін жаңа бастаған көптеген кәсіпкерлер үшін шағын несие жоғары пайыздық мөлшерлемеге орай қолжетімсіз болып табылады. Жеке тұлғалар үшін сараланған орташы сыйақы мөлшерлемесі 2017 жылғы ІІІ тоқсанда 27,9 пайызды құрады.
Сондықтан жеке тұлғалар, әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз тұрғындар үшін шағын несиелеу арттырылады. Мемлекеттің бұл қадамы жаңа кезеңдегі ұлттың кәсіпкерлік рухын сөз жоқ, қуаттандырады.
Көріп отырғандай, Мемлекет басшысының барлық бастамалары ақиқатқа негізделген, айқын параметрлер мен нақты мақсатқа ие, экономикалық тұрғыдан сараланған. Әрқайсысы айқын мақсаттық топқа біріктірілген.
Елбасы бес әлеуметтік бастаманы күрделі әлемдік турбуленттілік және барған сайын өршудегі геосаяси тұрлаусыздық жағдайында ұсынып отырғандығын айту ләзім. Еске салсақ, шикізат бағасының жаһандық суперциклінің аяқталу кезеңінде Қазақстан сыртқы әсерлерді еңсерудің күрделі уақытын бастан өткерді. Уақтылы және кең ауқымды дағдарысқа қарсы шаралар экономиканы сауықтырды, еліміз 4 пайыздық ІЖӨ өсімі траекториясына сенімді аяқ басты.
Бірақ әлемдегі экономикалық белсенділіктің қалыпқа келуіне қарамастан, тенденцияның тұрақтылығына қатысты қауіп сақталуда. Мәселен АҚШ ФРЖ негізгі мөлшерлемесінің көтерілуі 2018-2019 жылдарда дамушы нарықтардан 70 млрд доллар портфельдік инвестициялардың жылыстауына әкелуі мүмкін. Бұл ғаламдық экономиканың өсіміне жағымсыз әсер етеді. Экономикалық үдерістерді терең саясиландыру және геосаяси қарбаластықтың сақталуы жаһандық экономикада қосымша қатер тудырады және тұрлаусыздықты күшейтеді.
Күрделі ахуалға және әлемдік экономикадағы тұрлаусыздыққа қарамастан, Елбасы қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімін күшейтетін, өмір сапасын арттыратын 5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру туралы шешім қабылдап отыр.
Сол себепті біз Қазақстанның тәуелсіз және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасқандығын айтуға құқылымыз. Елімізде қазақстандық бірлік пен тұтастықтың барлық қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-адамгершілік негізі жасалып отыр.
Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ,
Ұлттық экономика министрі