19 Наурыз, 2018

БҒМ жалған ақпарат тарату дерегі бойынша мәлімдеме жасады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҒМ жалған ақпарат тарату дерегі бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Білім және Ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.


БҒМ жалған ақпарат тарату дерегі бойынша мәлімдеме жасады

Ағымдағы жылдың ақпан айында ғылыми жұмыстарды қаржыландыру байқауының нәтижелерін жариялаған соң бірқатар ғалымдар даулы сауалдарына жауап қайыруды өтініп Ұлттық ғылыми кеңестерге, ҚР БҒМ, Ғылым комитетіне, басқа да мемлекеттік органдарға және БАҚ-на шыққан еді. Оларға сәйкесінше түсініктемелер берілген болатын.

Осыған қатысты yvision.kz интернет-ресурсында мемлекеттік органның қызметінде сыбайлас жемқорлық жүйесі құрылды деп айып тағу сипатындағы жала жабу жарияланымдары шықты. Бұл жалған ақпараттың барлығы фейктік ник арқылы жарияланды. Сонымен қатар Ғылым комитетіне бұқарада таратылып жатқан Елбасына үндеуде қойылған қолдар жалған екені туралы ғалымдардың шағымы келіп түсті.

Жалған ақпараттың тарауына байланысты, іс жүзіндегі заңнамаға сай біз құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының аталмыш заңының бұзылуына қатысты тексеріс жүргізіп, шаралар қолдану турасында арыз беруге мәжбүр болдық.

Біздің мәліметтер бойынша полиция фейктік есімдермен жалған ақпаратты қасақана таратқан адамдарды іздестіріп жатыр. Даулы сауалдарымен ашық түрде ортаға шыққан ғалымдарға біздің еш наразылығымыз жоқ. Сондықтан ғалымдарға уайымдайтын еш себеп жоқ - Ғылым комитеті ашық, бірақ бір мезгілде сындарлы пікірталас өткізуге дайын, мұндай өзара пікір алмасулар соңғы кезде жиі өтіп тұрды, оның ішінде БАҚ-да да.

Бұл жағдайда көпшілікті өздерін дұрыс ұстап, ойдан шығарылған ақпаратты желілер мен БАҚ-да таратпауды, тек шындыққа жанасатын тұжырымдамаларды таңдауларыңызды өтінеміз.