Қазақстан – аумағы бойынша әлемдегі тоғызыншы ел. Онда көптеген этностардың тату-тәтті өмір сүріп жатқаны, түрлі конфессиялардың өзара түсіністік танытып отырғаны талайларды қызықтырады.
Н.Назарбаев наурыз айының басында ұсынған бес әлеуметтік бастамасында атап көрсетілген бағыттар мен нақты міндеттерді жоғары бағалаймын.
Бұл бастамалар бойынша мемлекет халыққа тиімді несие беруді қалайды, төмен жалақыға салық жүктемесін 10-нан 1 пайызға дейін қысқартуды көздейді. Сондай-ақ жоғары білім алғысы келетін жастарға бұған дейін бөлініп келген 54 мың грантқа 2018-2019 оқу жылында қосымша 20 мың грант беру жоспарлануда. Бұл жастардың сапалы білім алуына қолжетімділікті қамтамасыз ететін болады. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, жастар басымдыққа ие болуы керек.
Сондай-ақ микронесиелеу көлемін биылғы жылы 62 млрд теңгеге (193,4 млн АҚШ доллары) ұлғайту ұсынылып, кәсіпкерлікті жандандыруға баса назар аударылмақ. Бұл жаңа жұмыс орындарын көптеп құруға жол ашады.
Президенттің Қызылорда облысынан Жезқазған, Қарағанды және Теміртау қалалары арқылы Астанаға ірі газ құбырын тарту арқылы 2,7 млн адамға газ игілігін көрсетуге қатысты тапсырма беруі де халыққа жасалған шынайы қолдау болды.
Мен өзімді әрдайым қазақ халқының досы санаймын. Қазақтар – үлкен құрметке лайық тамаша халық.
Мен Президент Н.Назарбаевты Семей ядролық сынақ алаңын жауып, әлемге үлгі көрсеткені және ядролық қауіпсіз әлем құру жөніндегі батыл бастамалары үшін, сондай-ақ Сирияда бейбітшілік орнатудағы белсенді қызметі үшін құрметтеймін.
Туре НАЭРЛАНД,
Халықаралық «Bike for Peace» ҮЕҰ төрағасы (Норвегия)