Жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, күндіз шығыстың кей жерлерінде нөсер жауын жауады. Кей жерлерде бұрқасын соғып, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Оңтүстік-батыстың кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, түнде екпіні 23-28 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ, найзағай күтіледі, түнде желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Павлодароблысында желдің күші 15-20, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай боып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Жамбыл облысында желдің екпіні 23-28 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал.
Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын күтілуде. Түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ, күндіз екпінді жел күтіледі. Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі.