Аймақтар • 25 Наурыз, 2018

ОҚО-да Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай халықаралық велошеру өтті

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ташкент-Шымкент велошеруінің қатысушылары 130 км қашықтықты артқа тастап Шымкент қаласына келді.

ОҚО-да Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай халықаралық велошеру өтті

Қазақстан жерінде жүрек жалғап алған қатысушылар, алдағы 100 км қашықтықты жүріп өтуді мақсат етті. Аталған велошеруге қатысуға Қазақстан және Өзбекстан азаматтары өтініш білдірген. Қазақстаннан Алматы, Астана, Тараз және Шымкент қалаларының тұрғындары қатысты. Қатысушылар арасында ең үлкенінің жасы – 60 жаста болса, ең кішкентайы- 11 жаста. Айта  кетейік, қатысушылардың барлығы кәсіпқой велосипедшілер емес. Олардың барлығына арнайы жағдай жасалып, әрбір 25 шақырым сайын жүрек жалғайтын тағамдар ұйымдастырылған шатырлар орналастырылған болатын.

Велошеруге қатысушылар 130 шақырымды  басып өтіп, кешкі 18:00-де Шымкент қаласының орталығына келіп жетті. Оларды күтіп алған оңтүстікқазақстандықтар зор қошеметпен қарсы алды.

Сондай-ақ, облыс басшысы «Қазақ пен өзбек – түбі бір туысқан халықтар. Екі елдің арасындағы тарихи қарым-қатынас бұрынғы жібек-жолы кезеңінен байлыныс тауып, бауырластық пен достыққа негізделіп келеді. Екі елдің мәдениеті мен салт-дәстүрі, діні, тілі ұқсас. Қазақстан мен Өзбекстан бұл байланысты тәуелсіздік жылдары сақтап қана қоймай, нығайтып, жаңа деңгейге көтеруде. Өзбекстан Президентінің Қазақстанға жұмыс сапары аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Кездесуде өзбек көшбасшысының биылғы наурыз айындағы мемлекеттік сапары барысында екі ел арасында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу мәселелері талқыланды. Кездесу нәтижесінде 2018 жылы Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан жылы болып жариялануына байланысты, екі елдің достастығын арттыру үшін бүгін халықаралық велошеруі ұйымдастырылып,  өз мәресіне жетіп отыр. 130 шақырымды құрайтын бүгінгі бұқаралық спорттық іс-шараға қатысушылар қала тұрғындарына үлгі болып, жастарымыздың спортқа деген қызығушылығының артатынына сенімдімін» ,- деді межеге жеткен велошерушілерді күтіп алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Сондай-ақ шара барысында бірқатар қатысушыларды  дипломмен марапаттады.

Халықаралық велошеруге Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Райымбек Батталов бастаған қонақтар да қатысты.