Әлем • 26 Наурыз, 2018

Ресейдегі өрттен 37 адам қаза тапты

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Тергеу комитеті Кемеров қаласындағы сауда орталығында болған өрттен 37 адамның қаза тапқанын растады, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейдегі өрттен 37 адам қаза тапты

«Қазірге дейін Кемеров қаласының орталығындағы сауда орталығында шыққан өрттен 37 адамның қаза тапқаны белгілі болды. Үйінділер астынан адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», делінген хабарламада. 

Осыған дейін өңірдегі жедел әрекет ету қызметіндегі дереккөз мәліметінде 69 адамның (оның ішінде 40 бала) із-түссіз жоғалып кеткені айтылған еді. Зардап шеккендердің көбі ауруханада жатыр.

Кеше күндіз төрт қабатты сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт жоғарғы қабаттан болып, мың жарым шаршы метр аумақты шарпыған. Шатыры опырылған. Өрт толығымен сөндірілді.  Mash Telegram-арнасы өрттің кинотеатрда шыққаны туралы хабарлады. 100-ден аса адам эвакуацияланды. Есі шыққан адамдар жоғарғы қабаттағы терезелерден секіріп жатқаны жайлы да ақпарат тарауда.