Президенттің Үндеуінде тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етіп, еңбек адамдарының, оның ішінде төмен еңбекақы алатындардың салық мөлшерін төмендету мәселесі де атап өтілген. Міне, бұл мыңдаған қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді, олардың баспаналы болуына жол ашады. Әсіресе бұл жас отбасыларға мемлекет тарапынан жасалатын қолдау-көмек болмақ.
Жоғары білім беретін оқу орындарын инвестициялау, шағын кәсіпорындарды салу, бизнесті дамыту және энергетикалық инфрақұрылымды жақсарту ел болашағы үшін аса қажет. Өз кезегінде ол экономикалық мәселелерді шешеді, жұмыссыздар қатарын едәуір азайтады. Алдағы уақытта елдің экологиялық және әлеуметтік жағынан жақсаруына себеп болады.
Жалпы Қазақстан Президентінің бес әлеуметтік бастамасы экономикалық тұрғыдан алып қарағанда жан-жақты ойластырылған, көрегенділікпен өлшеп, електен өткізілген. Сонымен қатар бұл бастамалар барлық жағынан тиімді әрі әлеуметтік маңызды мәселелер саналады.
Альфред ГУЗЕНБАУЭР,
Аустрияның экс-канцлері