Қатысушылар транзиттік тасымалдың дамуындағы кедергілер мен перспективалары, сонымен қатар логистика саласында жаңа технологияларды пайдалану жайында сөз қозғады. Сарапшылық кездесудің модераторы, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов айтқандай, 2013 жылы Қытайдың бастамасымен басталған «Жібек жолы экономикалық белдеуі» «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша интерфейсі Қазақстанның аумағы арқылы транзиттік трафиктің өсу стратегиясын жүзеге асыруда және қосымша синергияны қамтамасыз етті.
Өз кезегінде, «Транс-LOGISTICS Қазақстан» транспорттық іскери журналының бас-редакторы Жанна Исингарина көлік секторында қазақстандық іскери серіктестерге де, жұртшылыққа да кең ауқымды өзгерістерді жеткізу өте маңызды екенін атап өтті. «Және бұл Қазақстанның көліктік-логистикалық кешенін ақпараттық сүйемелдеуге мамандандырылған «TLK Media» коммуникациялық компаниясының алға қойған міндеті», деп атап өтті ол.
«Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның вице-президенті Санжар Елубаев соңғы жылдары көліктік-логистикалық активтерді жаңартуға ауқымды инвестициялар жіберілгенін жеткізді.
«Мысалы, 2 500 жаңа теміржол желісі салынды, жылжымалы құрам, терминал және порт инфрақұрылымдары жаңартылды. Каспий арқылы мультимодальды тасымалдаулардың жоғары әлеуетін жүзеге асыру үшін Ақтау және Құрық порттары дамып келеді, жүк ағынын шоғырландыру үшін негізгі түйіндерде көлік және логистикалық орталықтар желісі құрылуда», деді ол.
Қазақстанның «KAZLOGISTICS» Көлік қызметкерлері Одағының бас директоры Қанат Әлмағамбетов көліктік қызмет көрсететін кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешудің оң үрдісі бар деді.
«Өткен жылы «Атамекен» ҰКП» мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірге көліктік-логистикалық саланы дамыту үшін Жол картасының шеңберінде кедергілерді анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, қазақстандық вагондарды пайдаланудың үлесін отандық тауарларды тасымалдау үшін 90 пайызға дейін арттыру жөнінде шаралар қабылданды», деді «KAZLOGISTICS» Көлік қызметкерлері Одағының бас директоры.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»