Ол кезде де, осыдан тура бір жыл бұрын төңірек дәл осындай ақ ұлпаға малынып тұрған. Ол кезде де дәл осындай мерекелік көңіл-күй болатын. Содан бері де бір жыл өте шығыпты. Талай-талай шаруа тындырылып, қаншама іс жүзеге асты. Оның бірі есте, бірі естен шығып та кеткен болар-ау. Ал, естен кетпейтіні қырғыздың төрткүл дүниеге аты кеткен даңқты перзенті Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың «Егемен Қазақстанның» ұжымындағы кездесуі еді. Ол кісіні редакцияға атақты суреткеріміз Әбіш Кекілбай бастап келген. Бұл желтоқсанның 17-сі еді.
Егер кешегі сәби тарихқа көз салсақ, бұл күннің де символдық мәні бар. Сол күні әйгілі Желтоқсан оқиғасына да жеті жыл толып еді. Қашанда жүрегі ел деп соққан суреткердің осы бір келісін журналистік жүйрік көңіл сол оқиғамен іштей сабақтастырады. Кешегі одақ алдында осы оқиғаны кеудесімен қорғап, қаһарланып сөйлеген суреткермен сол күндердегі кездесуді бақытқа балағанбыз. Сол күні редакция қызметкерлерінің қолында бір-бір кітап еді. Талай жақсылар мен жайсаңдардың қонақжай шаңырағына айналған «Егемен Қазақстанның» қызметкерлері сол күні ұлы суреткермен иық тірестіріп отырып ойласты, сырласты, пікірлесті.
Бұл ұлылықпен кездесу еді...
Қали СӘРСЕНБАЙ.
Бетті әзірлеген Сұңғат ӘЛІПБАЙ.

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Бүгін, 23:07
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 22:34
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:41
Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:44
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 19:35
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:37
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45