Фильм режиссерлері – Бақыт Қайырбеков пен Алексей Каменский.
Сондай-ақ «Қазақфильм» киностудиясы аталған жобаға басты және эпизодтағы рөлдерге де актерлер кастингін жариялап, қазақ тілін меңгерген барлық ұлттың өкілдерін бақ сынап көруге шақырып отыр.
Талаптары төмендегідей:
5-7 жас аралығындағы ұл балалар (жүзе білетін, атқа шаба алатыны қажет)
9-15 жас аралығындағы қыз балалар
15-29 жас аралығындағы арықтау келген жас спортшылар (күресе білулері қажет)
30-60 жас аралығындағы спортшы ер адамдар (күресе білулері қажет)
18-22 жас аралығындағы студент қыздар
20-60 жас аралығындағы ер адамдар мен әйел адамдар.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ