Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Байқоңыр» ауданының әкімі қызметіне Ерлан Қаналимовтың кандидатурасы ұсынылған. Мәслихат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады.
Қаналимов Ерлан Ермекұлы 1982 жылы 22 тамызда дүниеге келген. Астана қаласының Басқару институтында, Қазақстан-Ресей университетінде білім алған. Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадрлық бөлімінің бас маманы, бастығы, аудан әкімінің кеңесшісі; Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі; Аппарат басшысының орынбасары; Астана қаласы әкімдігі «Дағдарыс орталығы» КММ-нің директоры болған.
Жаңа тағайындауға дейін "Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы" ММ-нің басшысы қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.