Отырыс барысында комиссияның 2017 жылғы қызметінің қорытындысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасымен байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері, Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2018-2019 жылдарға арналған жұмыс жоспарының жобасы, сондай-ақ Адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандартын іске асырудың проблемалық мәселелері қаралды.
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың 2018 жылғы 28 наурыздағы тапсырмасын орындау үшін адам саудасына қатысты қылмыстармен күрес, алдын алу және жою бойынша 2018-2019 жылдарға арналған кезекті іс-шаралар жоспарын әзірлеу мәселесі қаралды. Қорытындысы бойынша отырыс хаттамасына қол қойылды.
Айта кетейік, комиссия ел Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.