Тебіреністі телекөпірді кітапханашы Жанар Советқызы жүргізіп отырды. Шара барысында Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері ақынға арнаған жүрекжарды өлеңдерін оқып, даналық пен жауапкершілікке, адалдық пен мейірімділікке үндейтін Шәкәрім шығармаларынан әр адам сусындап өсуі керек деген ойларын ортаға салды. Павлодар қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлерімен бірлесе өткізілген ауқымды шара көпшіліктің көңілінен шықты.
– Шәкәрім өзінің шығармаларын ұлы Абай үлгісін өлшем ете отырып жазған. Ғұламаның шығармалары бүгінгі таңда қазақ қауымының, адамзат баласының рухани қажеттілігін өтеуге қызмет етіп жатыр. Біздің мұражай ұлы тұлғаларымыздың қара шаңырағы болып табылатындықтан Шәкәрімге деген құрмет, қазақ халқының рухына, ұлтжандылығына деген құрмет деп білеміз, – деді телекөпір барысында Абай қорық мұражайы-
ның ғылыми хатшысы Шынар Садықова.
Раушан Нұғманбек,
журналист
СЕМЕЙ