Аймақтар • 30 Наурыз, 2018

Маңғыстау геологтары марапатталды

797 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында «Геологтар күні» кәсіби мерекесіне арналған мәжіліс өтті. Жиынға Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Балтабек Қуандықов пен ардагер және жас геологтар қатысты.

Маңғыстау геологтары марапатталды

Қазіргі  таңда облыста 25  мұнай  өндіру және 20-дан  астам  мұнайсервистік компания  жұмыс  істейді.  Өндірістік  кәсіпорындарда он мыңдаған  жоғары  білікті  жергілікті  мамандар бар. 2017 жылы Қазақстанның барлық кен орынында  86,2 млн.т. мұнай мен газконденсаты өндірілсе, оның ішінде  Маңғыстау облысы бойынша 18 млн.тонна  мұнай өндіріліп,  республикада  өндірілген  мұнайдың   20% құрап  отыр. Жалпы алғанда, Маңғыстау – Атырау облысынан кейінгі екінші ірі мұнай өндіретін өңір. Облыстағы  кен орындарының ашылуы, игерілуі, өңір экономикасын  өрлетуге  мол  мүмкіндік беретініне күмән жоқ. 2017 жылы облыста жалпы газ өндіру 2,4 млрд. текшеметр құрады.

Аймақ басшысы Е.Тоғжанов геологтарды кәсіби мерекесімен құттықтап, ел дамуына қосқан қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді.

- Маңғыстау облысы   жыл сайынғы тұтыну көлемі шамамен 2 млрд  текше  метр болатын негізгі газ тұтынушыларының бірі болып табылады. Сондай-ақ,  облыс автомобиль көлігін газдандыру бойынша алғашқылардың қатарында (бүгінгі таңда автокөліктердің шамамен 70% жанармай ретінде газды пайдаланады). Сондықтан геологтардың еңбегінің тек Маңғыстау облысында ғана емес, тұтастай алғанда республикамыздың экономикалық саласындағы ерекше рөлі мен маңыздылығын атап айтуға тиістіміз,  деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Маңғыстау облысы әкімінің атынан «Геолог күні» кәсіби мерекесіне орай Маңғыстау облысында геология саласының дамуына қосқан үлесі үшін   

«Кенсары» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас геологы Разағұл Айбазаров, Геология саласының ардагері Жұман Қалдыбай, «Маңғыстау-Геология» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ғылыми-өндірістік орталығының директоры Автандил Гавашелишвили, «Емір-Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің геологы Ақзиба Сатыбалдиева және тағы басқа геологтар марапатталды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы