Қазақстан • 03 Сәуір, 2018

Сібірден келген келін

596 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Адам баласы жүз жасаған адамды әрқашанда қастерлеп, құрметтеп, оның өнегесіне, өткен-кеткен өміріне терең үңіліп, құпиясының сырын да білуге ұмтылып жатады. Бүгінде елімізде жүз жасаған жандар көп емес. Сол себепті ғасыр жасаған ата-әжелеріміздің аузынан өткен өмір жайлы небір әңгімелерді естіп, батасын да алғымыз келіп отыратынымыз заңды құбылыс екені рас. Олардың талай кезеңдерді бастан кешірген өткен өмірі тарих үшін де, адам үшін де мәні зор болып қала береді.

Сібірден келген келін

Сондай ғасыр жасаған жан­дардың бірі, бүгінде 101 жасқа жет­кен Мариям Ива­новна Жай­лаубаеваның өмі­рі де не­бір қилы тағдыр­лар­ға толы. Ұл­ты орыс болса да бүкіл өмі­рі қазақтың қа­ра­пайым келіні бо­лып өтті. Ол көп балалы ана, немере, шөбере сүйген қа­­дірлі әже атанды.

– Анамыздың төлқұ­жа­тын­да туған жылы 1917 жылғы 1 қаң­тар деп жазыл­ған. Өткен жы­лы қаңтарда ана­мыз­дың 100 жасқа келгенін тойладық, – дей­ді қызы Қарашаш.

Сонау 1935-36 жылдары Көкшетау өңірінің Уль­я­нов кол­хозындағы (қа­зір­гі Сол­түс­тік Қазақстан об­лы­сы­ның Айыртау ауданы­на қа­расты Әлжан ауылы,) қа­ра­пайым шаруа бала­сы Жа­ңабай Жайлаубаев әскери борышын өтеуге аттанады, Ресейдің Сібір аймағында қыз­метін атқарады. Сонда жү­ріп, фельдшер болып ж­ұ­мыс істейтін Марияммен та­нысады. Ширақ та орысша білетін сымбатты қазақ жі­гіті Жаңабай мен Мариям ара­сында махаббат сезімі ту­ып, бірін-бірі жақсы көріп қа­ла­ды. Мариям жетім өскен екен. Жаңабай ауылдағы әке-ше­ше­сіне хат жазып үйленуге рұқ­сат сұрайды. Мұндайды кім көрген ол уақытта. Бас­тап­қыда шошыса да, бұл мәс­е­­­ле­нің шешілуіне сол кезде кол­хоз­­дың басқарушысы бо­лғ­ан, елге сый­­лы, оқыған туған аға­сы Боран­бай өзі араласып, бә­р­ін көндіріп, рұқсатын бе­ріп хат жазады. Сөйтіп Мариям та­за қазақтар ғана тұратын Сә­­берлі ауылына (ол кезде ес­кіше солай атаған) келін бо­лып түседі. Сәберлі мен Заря ауылы арасында (арасы 4-5 шақырым) фельдшер болып жұ­мыс істейді, «дәрігер қыз» атанады. Екі ауыл ортасын­да, одан қала берді 15-20 ша­қы­рымдағы Лобанова мен Шал­қар ауылдары арасында жа­яулап жүріп-ақ жұмысын адал атқарады. Қиын жылдарда тіпті Көкшетауға дейін жаяу-жалпылап барған кездері бо­лыпты. Ауылдың бүкіл жұ­мы­сына араласады, қолмен егін егіп, бастырып, мал да бақ­ты. Жолдасы Жаңабай мен оның ағасы Боранбай (соғыста қа­за тапқан) майданға аттанады. Жаңабай соғыста басынан аяғына дейін батыстан бастап Қиыр Шығыста болып, жапон соғысына қатысып, 1946 жылы елге оралады. Ауыл­дағы еңбекке араласады. 1980 жылдардың ортасында өмірден озды.

Мариям апай тоғыз құрсақ көте­ріп, оларды аман-есен жет­­кізді. Бүгінде үлкен қызы­ның өзі 80 жастан асты. Әрине, олар­дың арасында бұл өмірден қай­тқан ұл-қыздары да бар. Мұ­ның бәрі Мариям әжейге оңай­ға түскен жоқ. Өзін бала­ла­рының алдында алса екен де­ген оймен әлі өмір сүріп ке­леді. Мариям апай бүгінде кіші қы­зы Қарашаштың қолында, Зеренді ауданындағы Қызыл кар­дон ауылында тұрып жа­тыр. Өткен жылдарға дейін өзі жүріп-тұрып келсе, бү­гінде балаларының кө­ме­гі­не сүйенеді. Көзі көреді, құ­­ла­ғы айтқанды естіп, сұ­ра­ға­ныңа жауап береді. Өт­кен-кеткен өмірінен сыр ше­р­теді. Мұсылманша дұғасын оқып, батасын беріп, қазақи са­лт-дәстүрмен ғұмыр кеш­ті. Сөй­ле­генде бәрін бәз-бая­ғы қа­зақтың т­і­лі­мен ма­қал-мә­тел­детіп жеткізеді, жа­рық­­­­тық. Жайлап сұрап отыр­саң баяғы кө­зін көрген та­лай адамдар, замандас­тары мен құрбы-құрдастары ту­ралы да естеліктер айтып бе­реді. Қазіргі таң­да Көк­ше­тау өңірінде тұратын ұл-қыз­дарының бәрі де сол Әл­жан ауылында қазақша оқып ержетті. Бүгінде олардан тараған шөберелерімен қа­тар шөпшектерінің де алдын көрді.

– Е, айналайындар, біз не көр­медік дейсің. Мен өзім жас ке­зімнен жетім­дік­тен бастап, аш­тық пен жоқшы­лық­тың, қай­ғы мен қасіреттің талайын көр­дім ғой. Елге адал ең­бек етіп, бала­ла­рыма жоқ­шы­лықты көрсетпедім. Кей­ін за­ман оңалып, балаларымның да қы­зығын көрдім. Талай жақ­­сылар мен жамандық жа­са­­ғандарды да көрдім. Жа­яу-жал­пылап, фельдшер-дә­рі­гер бо­­ла жүріп, ауылдағы ша­руа­шы­­лық жұ­мыстарының бәрін іс­тедік. Бү­гінгі за­ман жақсы ғой. Енді тек бала­ла­ры­м­ның, ел­дің амандығын тілеп жата­мын. Алла еш жамандық көр­сет­песін, – деп ақ батасын бер­ді жүзден асқан Мариям апай.

Ақбота КҮЗЕКБАЙ

Астана