Қара көйлек киген бейтаныс әйел оқ жаудырған. БАҚ мәліметінше, ол өзінің жігітіне оқ атып, ішінен жаралаған. Артынша әйел өзін де атып өлтірген. Атыс 1700-ге жуық қызметкер жұмыс істейтін YouTube офисіне жақын орналасқан кафе маңайында болған. Оққа ұшқан жігіттен бөлек тағы үш адам жарақат алған. Видеосервистің өзге қызметкерлері қауіпсіз маңға көшірілді. Полиция қызметкерлері ауданды қоршап, бақылауға алды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында Калифорниядағы атыс туралы хабардар екенін мәлімдеп, жарақат алғандарға қолдау білдірді.