01 Желтоқсан, 2011

Бірінші орынбасарлыққа тағайындалды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұған дейін өзінің орынбасары болған Түсіпхан Түсіп­бековті «Нұр Отан» партиясы филиалы аппараты жиынында облыстық филиал төраға­сының бірінші орынбасары қыз­метіне тағайындады. – Біраздан бері «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымы бос тұрған. Біз Президент Әкімшілігі, партияның Орта­лық аппараты келісімімен осы орынға мемлекеттік қызметте шыңдал­ған, тәжі­рибелі де білікті басшы, бұған дейін бірнеше облыстық басқарма­ларды, ауданды басқарған, екі жылдай ме­нің орынба­сарым болып жемісті жұ­мыс жасаған Т. Түсіпбековті осы жауап­ты қызметке қоюды ұйғардық, – деді өңір басшысы. Партияның беделі жоғары болуы тиіс. Жақында еліміз Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығын атап өтпек. Арғы жағында Парламент сайлауы тұр. Ел мен жердің абыройын арттыру үшін аянбай еңбек ету қажет. «Елбасының партиясы әрқа­шан халықпен бірге болуы үшін жұмыс жасай береміз», – деді Т. Түсіпбеков сенім артқаны үшін аймақ басшысына алғысын білдіре келіп. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.