Қазақстан • 04 Сәуір, 2018

Кәсіпқой қатысушылар үшін сауда жүйесінің кеңейтілген таныстырылымы өтті

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы Қазақстандық қаржыгерлер қауымдастығының алаңында қазақстандық бағалы қағаздардың кәсіпқой қатысушылары үшін сауда жүйесінің кеңейтілген таныстырылымын өткізді.

Кәсіпқой қатысушылар үшін сауда жүйесінің кеңейтілген таныстырылымы өтті

Іс-шараға қаржыгерлер қауымдастығының шақыруымен биржа нарығының 50-ден астам өкілі қатысты. Олардың ішінде екінші деңгейдегі банктер, брокерлік және заң компаниялары, «Қазақстандық қор биржасы» АҚ өкілдері, Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі және басқа да мүдделі ұйымдар болды.

«Кездесу қатысушылары сауда жүйесімен және оның функционалдық ерекшеліктері, техникалық мүмкiндiктері, өтiнiмдердi қалыптастыру және есептеу процесстері жайында танысуға мүмкіндік алған», - деп атап өтті Қазақстандық қаржыгерлер қауымдастығының Басқарушы директоры Ерлан Бурабаев.