Теннис • 04 Сәуір, 2018

Диас Досқараев: «Дэвис кубогын» жеңген командаға қарсы ойнау ешкімге де оңай соқпайды

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хорватия – Қазақстан құрамалары арасындағы теннис матчының алдында капитандардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Алдымен сөз сөйлеген Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев тілшілер сауалына жауап берді.

Диас Досқараев: «Дэвис кубогын» жеңген командаға қарсы ойнау ешкімге де оңай соқпайды

- Қазақстан құрамасы жаңадан алған теннисші Александр Бубликті неге осы ойынға қатыстырмады. Ол жоғары рейтингісі бар, жақсы теннисші еді ғой?

- Иә, Александр Бублик Қазақстан құрамасының ойындарына қатыса алады. Алайда, оның қазір тізесінде жарақат бар. Сондықтан да, осы кездесуге шақыртылмады. Әйтпесе, біздің құраманы әжептәуір күшейтетін еді. Дегенмен де, келер ойындарда біз оған сенім артатын боламыз.

- Алдағы ойыннан не күтесіз?

- Хорватия жақсы дәстүрі бар, мықты жеңістерге жеткен құрама. Бұл ойын бізге сөзсіз ауыр болатыны анық. Хорватия теннисшілері өте жоғарғы деңгейде. «Дэвис кубогын» жеңген командаға қарсы ойнау ешкімге де оңай соқпасы белгілі.  

- Қазақстан құрамасының теннисшілері Михаил Кукушкин мен Александр Недовесов Хорватия құрамасының ойыншылары Чилич, Чоричтерді әртүрлі жарыстарда жеңген екен. Бұл жағдай Сіздің шәкірттеріңізге қосымша сенімділік бере ме?

- Иә, рас айтасыз, осыған дейін біздің теннисшілеріміз Хорватия теннисшілерімен кездескен. Тіпті, Михаил Кукшкин Марин Чиличпен үш рет кездесіп, үш ойында да тегеурінді қарсылық көрсеткен. Бір матчты тіпті жеңген де болатын. Сондықтан да, бұл факторлардың барлығы біздің жігіттерге кішкене де болса сенімділік беретіні анық.

Ермұхамед Мәулен,

«Егемен Қазақстан»

Вараждин, Хорватия.