Теннис • 04 Сәуір, 2018

Желко Краян, Хорватия құрамасының капитаны: Ойын Қазақстанда өткенде өзімізді фаворит санамаушы едік

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Хорватия – Қазақстан құрамалары арасындағы теннис матчының алдында капитандардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. 

Желко Краян, Хорватия құрамасының капитаны: Ойын Қазақстанда өткенде өзімізді фаворит санамаушы едік

- Біздің құрама команда осы матчта фаворит екені рас. Бірақ, тыңғылықты дайындалмаса болмайды. Қазақстан осыған дейін азулы командаларды жеңіп кеткен. Дегенмен, біздің ұжымның Марин Чилич секілді теннисші бар. Оның құрамаға келіп, көмектесіп жатқаны қуантады. Әйтпесе оның жарыстары көп, қолы босамайды.

- Ал Қазақстан құрамасы жайлы қандай ойдасыз? Оның қандай ерекше тұстары бар?

- Бұл команда көп жағдайда өз алаңында мықты ойнайды. Астанадағы матчтардың көбісінде жеңіске жеткен. Ал бұл жолғы ойын біздің алаңымызда өтеді. Себебі, Хорватияның рейтингісі Қазақстаннан жоғары. Әйтпесе, ойын Қазақстан алаңында өткенде бізде көптеген қиындықтар болар еді. Онда өзімізді фаворит санамайтын едік. Ал бұл жолы төсенішті де өзіміз таңдап отырмыз, әрі Чиличте ойнаймын деп құлшынып тұр.

- «Дэвис кубогының» өту әдісі ауысатынға ұқсайды. Тамыз айында дауысқа салынады. Егер, бір аптада Әлем чемпионаты секілді өтетін болса, Сіз қуанасыз ба? Әлде бұл Хорватия үшін ыңғайсыз ба?

- Әзірге солай бола ма, болмай ма, білмейміз. Бұл жарнама мен маркетинг жағынан пайдалы. Бір жерде өтетіні қаржы тұрғысынан Халықаралық федерацияға да тиімді. Теннис әлеміндегі танымал теннисшілерді бір жерге жинап, өзге де спорттардағыдай үлкен той жасаудың мүмкіндігі. Алайда, бұл жағдай теннисшілер үшін қалай боларын әзірге білмеймін. Біз бір ойынды өз алаңымызда, бір ойынды сыртта өткізіп, сол матчтардың ортасында 2-3 айлап дайындалып, асықпай сараптама жасауға үйренісіп қалғанбыз.

Ермұхамед Мәулен,

«Егемен Қазақстан»

Вараждин, Хорватия.