Қазақстан • 04 Сәуір, 2018

«Жайық ет» кәсіпорнының өнімі 4 облысқа тарайды

628 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл, Аманжан Жамалов және Сапархан Омаров «Жайық ет» кәсіпорнын аралады.

«Жайық ет» кәсіпорнының өнімі 4 облысқа тарайды

Жылына 7 мың тонна құс етін өндіретін «Жайық ет» кәсіпорны 2003 жылы бұрынғы Орал ет комбинаты базасында ашылған болатын. Hantmann, LasKalo, Pek Mont секілді белгілі еуропалық брендтердің құрал-жабдығы орнатылған кәсіпорында ет пен шұжықтың жүзден астам түрі, қалбыр өнімдері шығарылады.

- Ауыл шаруашылығы саласы мемлекет пен барлық қаржы институттары тарапынан жан-жақты қолдауды қажет етеді. Мемлекет пен Үкімет ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді шараларды атқарып жатыр. Былтыр ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданды. Сол көмектің арқасында елімізде өндіріс орындары көптеп ашылуда. Елбасы шикізат өндірумен шектеліп қалмай, терең өңдеу өнеркәсібін дамытудың маңыздылығын үнемі айтып келеді. Осы орайда «Жайық ет» кәсіпорны сияқты заманауи технологиямен жабдықталған өндіріс орындарын дамытып, айналасына шағын және орта шаруа қожалықтарын біріктіруі тиіс, - дейді Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ